Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары. Жомарт Жеңіс
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ежелгі жəне орта ғасырлардағы түркі тайпалары мен Иранның мəдени, саяси қарым-қатынастары - Жомарт Жеңіс страница 18

СКАЧАТЬ Хуммды (18 зу-л-хадж) тойлаған кезде халық толқулары күшейдi. Сунниттер оларға қарсы екi салтанат – Мус'аба б. зубайра (18 мухаррам), үңгiр күнi – Иаум ал-ғар (26 зу-ль-хиджа) мерекелерiн тойлады. Бұл мейрамдардың бiрiншiсi Мус'абаның ал-Мұхтарды жеңуiне байланысты болса, екiншiсi Мұхаммедтiң Әбу Бәкiрден бөлiнiп қарсыластарынан тығылғанына байланысты едi. Халық толқулары осы салтанаттарға байланысты 1002 жылы астана көшелерiнде қарулы қақтығыстарды тудырды. Сондықтан да келесi жылы мұндай қақтығыстар болдырмас үшiн осындай мейрамдарға тыйым салынды. Қақтығыстар 1008 жылы қайта орын алып, 1011 жылға дейiн созылды. Аздаған уақыт тыныштықтан соң 1015-1017 жылдар аралығында Бағдадта сунниттер мен шииттер аралығындағы жанжалдар қайта жанданды. Бұған халифтың ал-Ашураны қайта тойлауға рұқсат бергенi себеп болды. 1016 жылы Кербаладағы имам ал-Хусейн мешiтi өртелдi. Бағдад, Самаррада да қақтығыстар орын алып Мекке, Иерусалим мешiттерiнде ұрлық кең етек жайды. 1045 жылы Тоғрул Исфаханды алған кезде Бағдадта сунниттер мен шииттер арасында жанжал болып, мұның соңы «Кiтап адамдарымен» қарулы қақтығысқа алып келдi. Еврейлердiң үйлерi мен синагогтар өртелдi. Христиан қабiрлерiне ойран салынып, монастырь тоналды. Түркiлер келуi қарсаңында Иранда дiни негiздегi қайшылықтар осылайша тереңдеп, өршiп тұрды.

      Дiни ағымдардың пайда болып, белсендiлiкке көшуiнiң басты себебi Ирандағы дiни негiздегi әлеуметтiк-моральдық дағдарыстар еді. 934 жылы исламдағы өте консервативтi қанат – ханбалилер күн сайын Бағдадқа келiп исламға қарсы келетiн әрекеттердi тойтаруға күш салды. Жезөкшелер мен гомосексуалист, маскүнемдердi ұрып соқты. Олар шонжарлардың үйiне кiрiп, бөшкедегi шараптарды төктi, әншiлер мен бишiлердi соқты, музыкалық аспаптарды қиратты. Осылайша, халық дұрыс төрт халифтан соңғы халифатта берiк орын алған жөнсiздiктерге өз наразылықтарын бiлдiрдi. Бiрақ негiзi жоғарыдағы әлсiз билiктен бастау алатын дiнге қарама-қайшы әрекеттердi тоқтатуға тырысушылық сыртқы араласушылықсыз iске асуы мүмкiн емес едi.

      Дiни ағымдардың идеологиясының күшеюi осы ағымдардың өкiлдерiнiң қарулы жолмен өз мемлекеттерiн құруға алып келдi. 890 жылы Ирактың Васита қаласы маңында етек алған карматтар қозғалысы нәтижесiнде 894 жылы Бахрейнде астанасы Лахсай қаласы болған карматтар мемлекеті құрылды. Бұл мемлекет бiр жарым ғасыр өмiр сүрдi. ХІ ғасырда лахсайға келген Насири Хосроу карматтардың қоғамдық құрылысын суреттей келiп, бұл мемлекетте құлиеленушiлiк құрылыс орнағанын жазады. Бахрейндегi карматтар мешiт салмады, намаз оқымады, ораза ұстамады. Басқа дiндер мен ағымдарға олар шыдамдылық танытты. Рей қаласында карматтар билiгi жүргенде «Аджа'иб ад-дуниа» авторының айтуынша сұлтан Махмұд олардан қаланы тартып алып, қарсыласқандарын өлтiрiп, қалғандарын шын дiнге қайта оралдырды. Дiни негiзiнде құрылған мемлекетке дiни идеологиясы исмайлизм болып табылатын солтүстiк Ирандағы селжүктердiң алдында негiзi қалыптасып, олардың билiгi кезiнде құрылған исмайлшылар мемлекетiн де (1090 ж.) жатқызуға болады.

      Х ғасырдың аяғын ала ұлан-байтақ араб халифатының сыртқы саясаты СКАЧАТЬ