Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 8

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті ақпараттарды қолайлы жағдайда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т.) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Ресми, экономикалық және балаларға тән басқа да стильдік ерекшеліктері сараланған, дара хабарлар легі электронды журналистикада қалыптасқан.

      Әлемдік және деңгейлес мемлекеттер тәжірибелерінен үлгі ала отырып, қазақтың телерадиожурналистикасының қадамы қарыштай түсуде. Оған мысал болатын көптеген жаңа бағдарламалар легі әрі жас журналистер тобы және олардың ізденіске толы еңбектері екендігін батыл айта аламыз. Ақпарат тарататын бұқаралық құралдардың ішінде мүмкіндігі мол арнаның бірі радио деп саналады. Ақпарат кеңістігінде оперативтілігімен, шынайылығымен және өміршең өткірлігімен айрықша мәнге ие болған бұқаралық ақпарат құралдарының ең тиімдісі әрі ең қолайлысы осы. Ол кең аудиториясымен әрбір отбасына, әрбір жеке адамға әсер ету қуатымен ерекшеленеді. «Радиожурналистика – бұқаралық хабарлама тарататын құрал ретінде радионың бірегей техникалық мүмкіндіктеріне негізделетін насихаттық сипаты бар журналистика. Ол күрделі элементтік құбылыстар категориясына жатады. Оны ұйымдастыру, оның функциялары, ішкі құрылымы, басқа элементтік институттармен, бұқаралық аудиториямен байланысы үлкен күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылысты тану да соншалықты күрделі, жан-жақты, сан қырлы болып көрінеді» [4]. Әуе толқынындағы әмбебап әлемге В.Н. Ружников осылайша дәл анықтама берген. Радио басқа ақпарат құралдарынан өзінің демократиялығымен және жеделдігімен оқшауланады. Кез келген ақпарат, жаңалықтар, күнделікті оқиғалар тізбегі, ең алдымен, әуе толқыны арқылы тарап жатады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда электронды ақпарат құралдарының, соның ішінде телерадиоарналардың саны күрт өсті. 1996 жылдың аяғында 30 радиостанция жұмыс істеген еді. Халықаралық «Интерньюс» агенттігінің деректеріне қарағанда радиожиілікті пайдалану құқығы үшін тендерден өтіп, ақы төлеу тәртібі енгізілгеннен кейін олардың қатары біраз сирей бастады, 1999 жылы 20-дан аса болды. Бірақ олардың көпшілігі музыкалық форматтағы радиохабарларын тарату станциясы болып табылады. Солардың қатарында «РадиоАлматы», «Авторадио», «NS», «31 арна», «Ретро», «Радио Sіty», «Love радио», «Energy FM», ресейлік арналардың өкілдіктері: «Орыс радиосы», «Еуропа плюс Қазақстан», «Хит-ФМ» телерадиостанциялары СКАЧАТЬ