Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 6

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді.

      2. Бүгінгі телевизия және радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

      Пікірталас тудыратын сұрақтар:

      1. Қоғамға радионың қажеттілігі жоқ шығар, басқа супертехнология тұрғанда радио ескірген құрал болып саналмай ма?

      2. Жақсы ән мен әуенді танытуда ең қуатты құрал радио ма әлде телевизия ма?

      СОӨЖ тақырыптары:

      1. Телерадиоақпарат таратудың табиғаты (жазба жұмысы салыстырмалы сараптама).

      2. Телерадионың табиғи қасиеттері (хабарлардың адам психологиясына әсер ету деңгейін мысалдармен дәлелдеу).

      3. Ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі (тікелей эфир хабарларын талдау).

      4. Тікелей эфирде ақпарат беру тәсілдері (хабарларға сараптама жасау).

      5. Телерадио – ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы екенін ерекшеліктерін саралай отырып дәлелдеу.

      6. Радио ақпаратты басқару мен жүйелеудің тетігі (жазба жұмысы).

      7. Радионың адамға психологиялық әсер ету жағдайларына мысалдар келтіру.

      Нұсқау:

      СОӨЖ тапсырмалары тәжірибелік тәсілдермен орындалады, яғни дереккөздері телерадиохабарлар.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Телевизияның табиғаты және маңызын сипаттаңыз.

      2. Радионың басқа ақпарат құралдарынан ерекшеліктерін атаңыз.

      3. БАҚ-тың түрлеріне сипаттама беріңіз.

      ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕМ

      Жоспар:

      1. Әлемдік жаһанданудың негізгі талаптары.

      2. Ұлттық электронды БАҚ-тың табиғи ерекшеліктерді сақтаудағы рөлі.

      3. Халықтық педагогиканың ұлттық БАҚ-қа әсері.

      4. Телерадиожурналистің қоғаммен байланысы.

      Телерадиоақпаратты халыққа ұғынықты, түсінікті тілмен жеткізе білу де өнер. Бұл жолда үлкен жауапкершілік журналистің немесе жүргізушінің қабілетімен тікелей байланысты. Айталық, жаңалықтарды аударушы немесе жинастырушы редакторлар, тілшілер тобы қанша жерден тиянақты, мықты болғанымен, олар әзірлеген өнімді эфирге шығарып, халыққа жеткізе білуде жүргізушілік шеберлік, кәсібилік танытпаса, өз аудиториясына жаңалық та ойдағыдай әсер етпесі анық. Жаңалықтарды оқитын диктор немесе жүргізуші журналист әуелі өзінің не айтып отырғанын жақсы білуі тиіс. Айтар ойын тура, нақты, қарапайым әрі дәл жеткізуі шарт. Жаңалықтар легі жалаң фактілер тізбегінен құралмауы керек. Жалпы, радиодағы жаңалық өзінің жаңалығымен ерекшеленіп тұрғаны жөн. Оның мәні сол, халық сағат сайын елең еткізер ақпарат күтіп отыратындай жағдайға жетуі ләзім. Сонда ғана телерадиоақпарат өзінің толыққанды функциясын атқара алады деген сөз. Елбасы Н. Назарбаев төртінші медиафорумда сөйлеген сөзінде: «Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа СКАЧАТЬ