Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 25

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ радиотолқын кез келген заттан, әсіресе электр өткізгіш заттардан тез шағылады. Мысалы, ұшақтар, кемелер, су асты қайықтары, т.б., яғни радиопередатчиктің антеннасы арқылы тараған толқын алдындағы объектіден жан-жаққа шағылды, бірақ энергияның бір бөлігі бұрынғы шыққан жеріне қайтып, қабылданғыш антеннаға келеді. Радиотолқынның бір секундтағы жылдамдығы үшін жүз мың шақырымға тең. Қазіргі кезде осы толқын жылдамдығынан да тез ұшатын ұшақ ойлап шығарылып отыр. Әрине, адамзат ой-қиялының шарықтау шегінде тұрған кезеңде электронды техниканың дамуының да заңды құбылыс екені айқын. Радиотолқындар микросекундтарымен яғни секундтық миллиондық өлшемімен өлшенеді, ондай толқындармен жұмыс істеу үшін электронды сәулелі трубкалар пайдаланылады. Егер радиотолқынды пайдалану жөніндегі ғылыми жаңалықтар ашылмаса, дүние жүзін өрмекшінің торындай сымдар басып кететін еді. Сонымен бірге әуе кеңестігінде байланыстар жүйелі жүргізілмейтін, ұшақтардың қауіп-қатерге ұшырамай ұшулары қамтамасыз етілмейтін еді. Дәл осы сияқты су астындағы байланыс, әскери қорғау жұмыстарына да радиотолқындар табысты түрде пайдалануда. «Дыбыстың қарқындылығына байланысты анықталатын дыбыстың субъективті сипаттамасы дыбыс қаттылығы» [34] (Қазақ энциклопедиясы) деп аталады. Бір тонды дыбыстардың қаттылығы әртүрлі болуы мүмкін. Дыбыстың бұл қасиеті тербіліс энергиясы амплитудасымен байланысты. Ал дыбыстың қаттылығы мен амплитудасының аралығында тұрақты байланыс болады. Дыбыстың қаттылығы жөнінде бірі екіншісінен екі есе, үш есе, миллион немесе миллиард есе қаттырақ деп атауға болмайды. Қаттылығы әртүрлі дыбстар туралы біріншісі екіншісінен осынша есе көп қатты емес, осынша бірлікке қатты деп айтылады. Өйткені дыбыстың қаттылық бірлігі – децибел (дц), яғни қаттылық бірлігі децибелмен өлшенеді.

      Дыбыс жылдамдығы. Барлық толқын сияқты дыбыс толқыны ондағы тербелістің таралу жылдамдығымен сипатталады. Жылдамдық толқын ұзындығымен және тербеліс жиілігімен байланысты. Дыбыс жылдамдығы әртүрлі ортада түрліше. Температурасы 20 градус °С ауада дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/сек-қа тең. Басқа орталарда ол басқаша болуы мүмкін. Дыбыс толқындарының таралуы ең алдымен дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Мысалы, газдар мен қатты денелердегі толқынның жылдамдығы толқын таралатын ортаның тығыздығы мен сығылу процесіне байланысты болады.

      Дыбыс жиіліктері. Егер дыбыс ауада таралатын толқын болса, онда ауа бөлшектері қозғалысқа түскен сайын, дыбыс шығып отыруы керек. Мысалы, адам қолдарын арлы-берлі қатты сермеген кезде дыбыс пайда болады, яғни бөлшектер тербеліске түседі. Бұл жағдайда толқын пайда болғанымен, дыбыс естілмейді. Оның себебі толқындағы тербелістің белгілі бір жиілігінде ғана дыбыс пайда болады, яғни адам сезе, ести алатын дыбыс туады. Ғылыми тәжірибелердің дәлелдеуі бойынша, 20-дан 20000 гц-ке дейінгі жиіліктегі толқынды адамның есту мүшесі арқылы сезіне алады, ал бір секунд ішінде қолды 20 рет сермеу мүмкін емес. СКАЧАТЬ