Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 27

Название: Телерадиожурналистика

Автор: Клара Қабылғазы

Издательство: КазНУ

Жанр: Культурология

Серия:

isbn: 978-601-04-2164-6

isbn:

СКАЧАТЬ зерттелінеді. Архитектуралық акустика салынатын ғимараттардағы дыбыстардың таралу процестерін қарастырады. Акустикалық тәсілдер ғылым мен техниканың сан алуан мәселелерін шешуге қолданылады. Дыбыстың түрлі ортада таралу қасиеттеріне негізделіп жасалған құралдың көмегімен теңіздер мен мұнай ұңғымаларының тереңдігі де дәл анықталады. Ал ультрадыбыс қатты заттарды уақтайды, өсімдіктердің өсуін тездетеді, бағалы материалдарды өңдейді. Ультрадыбыстың көмегімен әртүрлі детальдардағы ақаулар анықталады, ауруларға диагноздар қойылады, т.б. өндіріс салаларында пайдаланылады. Акустикалық материалдар – құрылыстардың акустикалық қасиетін жақсарту мақсатында қолданылатын заттар. Ол қаптау және төсеу материалдары болып бөлінеді. Қаптау материалдары дыбыс жұту (үй ішінде), шуды бәсеңдету (өнеркәсіп цехтарында, хирургиялық операция бөлмесінде, т.б.) немесе қоғамдық орындарда (көру залы, радио- және телестудияларда) естілу мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылады. Толық акустикалық жарақтандырылған, дыбыс жазу процестеріне қатысты жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етілген радио үйінде хабар дайындаушы шығармашылық топпен бірге техникалық қызметкерлер де еңбек етеді. Радио үйі сияқты ғимараттардағы шуды бәсеңдету үшін ағаш талшықты тақта асбест, картон, поливиннилхлоридті линолеум, тақта, синтетикалық өнімдер, түкті кілем сияқты заттардың қолданылуы қажет. Дыбыс өткізбеудің дәрежесі (дб) децибелмен өлшенетіндігі ескеріледі. Мысалы, тұрғын және қоғамдық үйлердегі шу 40-50 дб болады, ал өндіріс орындарындағы 80 дбден аспауы керек.

      Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі. Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Тіпті латынша «audire» сөзінен шыққан «аудирование» деген арнайы термин пайда болды. Өйткені бүгінгі талғамы жоғары, талапшыл тыңдаушы аудиториясын шу дегеннен меңгеріп кету, көпшілік ықыласын жаулап алу оңай шаруа емес. Ол журналист шығармашылығында кездесетін психологиялық сәттерді шебер игеруге байланысты болады екен. Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек: Біріншісі – біраз үнсіздіктен кейін естілген диктор үні немесе музыка. Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол. Келесісі – аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаланып тыңдаушылар күткен өзекті тақырыпқа бару. Соңғысы әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесіне байланысты туындайды. Мысалы, хабардың музыкалық «шапкасын» (эфирдің басталу процесі) немесе СКАЧАТЬ