Название: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Автор: Т. Омарбеков
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9786010410534
isbn:
Түргештер Түрік түкюлардан шыққандықтан о бастан-ақ дулу рулар бірлестігіне туыстас жақын еді. сондықтан да олардың билікті иемденулері алғашқы кезде Дулу (Қаратүргештер) рулары тарапынан қарсылыққа кездесе қойған жоқ. Бірақ кезінде Батыс түрік қағанатын өздеріне басыбайлы еткен қытай билеушілері о баста Түргештердің хандығын мойындай қоймады және оны өздерінің ықпалынан шығармауға күш салды. Осы мақсатпен Таң сарайы 702 жылы Бесбалық басқақтығын құрған кезде Түргештердің астанасы Суябты әкімшілік тұрғыдан соған бағындырды, және Үшелікті өздерінің уысынан шығарып алмау үшін оған «Алтынқол арда ханы» деген атақ берді. Кейініректе қытайлықтар Үшеліктің баласы Сағаны да қасақана көтермелеп, оны «14 оқ (тайпа) қағаны» деп марапаттады. Алайда ата жау Таң империясымен саяси жақындасу Түргеш хандығын әлсіретпесе, нығайта қойған жоқ.
Ал енді Шығыс түріктеріне келсек, олар өздеріне қандас Түргештердің бөлініп, дербес хандық орнатуларын ашықтан-ашық жаулықпен қабылдады. 708 жылы Үшелік қаған өлгеннен кейін оның баласы Сағаның тұсында Түргештердің Шығыс Түрік қағанатымен қарым-қатынастары ерекше шиеленісіп, ол ақыры ашық қарсы тұруға ұласты. Осының салдарынан Шығыс түріктерінің Түргештерге жасаған екі соғыс жорығы белгілі. Орхон жазуларында Бөгі чор (Қапаған) қағанның тұсында түріктердің Алтай жотасынан асып түсіп, Қара Ертіс арқылы өтіп, Түргештердің ханымен Болчу өзенінде 711 жылы шайқасқаны және осында түргештердің ханы Сақаның өлтірілгені, ал оның әскерінің талқандалғаны туралы айтылған.
Мұның алдында ғана елдің көпшілігінің, дәлірек айтқанда Сары түргештердің қолдауына сүйенген туған ағасы Сақаның беделін көре алмаған Үшеліктің кіші ұлы Жану Бөгі чордың жағына шығып кеткен еді. Сатқындықты кешірмейтін Бөгі чор оны қолдай қоймай, опасыздығы үшін басын алған болатын. Осы жеңілістен соң Түргештер мен Нүшбелер батысқа қашты. Оларды тоқтату үшін Күлтегін бастаған шығыс түркілерінің әскері жеделдете аттанып, Қара түргештерді (Аз тайпасы басқарған Дулу руларын) өздерінің ата мекені Тараз өңіріне қайтарды. Бірақ, Сары түргештер (Сары үйсіндер) мен Нүшбелер (Сары қаңлылар) шығыс түріктеріне бәрібір бағынбай, батыстағы елдің ішіне тереңдей еніп кетті.
Осы жерде түсінікті болу үшін айта СКАЧАТЬ