Название: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Автор: Т. Омарбеков
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9786010410534
isbn:
Алайда Қарлықтардың бүкіл тарихы дербестікке және азаттыққа қол жеткізу жолындағы күрестер тарихы. Осындай өрелі мақсатпен және өрлікпен рухтанған оларды, басқаларды айтпағанда, тіптен өздерімен қандас түркітілдес тайпалармен бір мемлекет құрамында бағынышты болып жүрудің өзі де қанағаттандырған емес. Мұның себебін олардың геополитикалық тұрғыдан қолайсыз аймақта орналасуларынан іздестірген жөн. Терістікте қырғыздар, шығыста ұйғырлар, оңтүстік шығыста қытайлар мен тибеттіктер оларға ылғи да қауіп төндірумен болды.
654 жылы Қарлықтарды және олардың көршілері Чумугендерді (Шөмекейлердің бабаларын) Таң империясының әскерлері басып алды. Біраз уақыт қытайлықтар тепкісінде болған оларды 682 жылы қайта құрылған Шығыс Түрік қағанаты өзіне қосып алды. Бірақ өздерінің күш-қуатына аса сенімді азаттық сүйгіш Қарлықтар қағанатқа қарсы 711 жылдан бастап бірнеше ірі көтерілістер ұйымдастырды. Ақырында олардың 742 жылы Ұйғырлармен және Басмылдармен қатар көтерілуі Шығыс Түрік қағанатының түбіне жетті. Қарлықтарға туыстас Басмылдар қаһарлы Көктүріктердің соңғы ханы Озмыштың басын кесіп алып, қытайдың астанасы Чананьға жеткізді. Алайда саяси билікке Басмылдар мен Қарлықтар емес, ынтымағы әлдеқайда күшті Ұйғырлар келді. Осылайша 745 жылы Көк түріктердің қуатты қағанаты келмеске кетіп, енді ұйғырлар билейтін түркілердің біріккен қағанаты орнықты. Қарлұқтар Басмылдармен бірге амалсыздан өздері ұнатпайтын Ұйғырларға бағыныштылыққа түсті. Дегенмен де олар жаңа саяси билікке толық мойынсұна қойған жоқ. Қарлықтардың үлкен бөлігі батысқа қаша көшті.
Қалыптасқан саяси ахуалға байланысты VIІІ ғ. ортасына қарай олар осылайша екі үлкен бөлімге бөлінді. Олардың біраз рулары – шығыста Қанғай тауларында қалып Ұйғырларға бағынса, ал екінші, батысқа жылжыған тобы – Алтай мен Шығыс Тянь-Шянь аралығында өмір сүріп жатты. Алайда 755 жылы Ұйғырлар батысқа жылжып, Қарлықтар мен Басмылдарды қайта бағындырды. Арада төрт жылдан кейін ғана, Ұйғырлардың қағаны Мойынчор СКАЧАТЬ