Название: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Автор: Т. Омарбеков
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9786010410534
isbn:
Тұй-ұқұқ (Тоныкөк) мәтінінде бұл мәселе былай баяндалады: «Түрік халқының қағаны жоқ еді. Табғачтан бөлініп, қағанды болды. Қағанынан айрылып, Табғачқа және бағынды. Тәңірі былай деген-ді: қаған бердім. Қағанды жойып, [басқаға] бағындың. Бағынғандығың үшін Тәңірі сені өлімші етті. Түркі халқы қырылды, алқынды, жоқ болды». Дегенмен де тәуелсіз мемлекет құру дәстүрі саналарында берік орныққан түріктер орталарынан жаңа қағанды шығарды. 682 жылы Ашына Құтлық өзінің аз ғана серіктерімен жаңа көтерілісті бастады. Оның рухани қолдаушысы бұрын қытайлықтардың астанасында тұрып, олардың соғыс өнерін жақсы меңгерген, түріктердің Асадыр тайпасынан шыққан данышпан Тұй-ұқұқ (Тоныкөк) еді.
Небәрі 700 адамнан тұратын көтерілісшілер Қарақұм қаласын басып алып, өздерінің сандарын 5000 адамға дейін көбейтті. Тұй-ұқұқ (Тонкөк) мәтінінде бұл мәселе былай баяндалады: «Бөд (тақ) киесі қалмады. Орман, тау арасында қалғаны жиылып жеті жүз болды. Екі бөлігі атты еді. Бір бөлігі жаяу еді… Біріктірушісі мен едім – білге Тұй-ұқұқ… Одан соң көктегі Тәңірі білік бергендіктен, өзім құдіретті қағанмен ұғыстым». Бұл деректе «құдіретті қаған» аталып отырған Құтлықты көтерілісшілер Қарақұмда Елтеріс қаған деген атпен таққа отырғызды. Ол данагөй Тұй-ұқұқтың ақылымен жан-жаққа жорыққа аттанды. «Түстікте – табғачты, шығыста – қытайды (қиданды), терістікте – оғызды көп қырды». Осылайша Елтеріс құтлық қаған таққа отырған 682 жылдан бастап Екінші түрік қағанатының өмірі басталды.
683 жылы Таң патшалығының императоры Гаоцзун өлді. Келер жылы мемлекеттік төңкеріс орын алып, қытайда тақ үшін тартыс басталды. Мұны түріктер де тиімді пайдалана білді. Батыс түрік тайпалары да осы тұста қытай билігіне қарсы бас көтерді. 686 жылы Елтеріс құтлық қаған Юньчжоу (Синьчжоу) қамалын қоршап, оны қорғаған қытай әскерін күйрете жеңді. Алайда ол онда орнығып қала алмады. Таң патшалығынан СКАЧАТЬ