Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков страница 5

СКАЧАТЬ киюге қатты құлшынды. Алайда қытайлықтар қолдау білдірген оның өмірі қысқа болып, 608 жылы дүниеден қайтты. Оның орнына таққа Суар Ішік қаған (Л.Гумилев оны Шибирхан деп атайды) деген атпен таққа отырды. Қытайдың Суй әулеті өзіне берілген Замғанның өліміне қатты қайғырып, оны үш күн бойы аза тұтты.

      Суар қаған да ата-баба салтынан айнымай, қытайдан әйел алды. Алайда ол әкесінің қателіктерінен арылып, қытайлықтардың ықпалына ілеспей, өзіндік тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Оның отаншыл сезімінің орнықтылығын аңғарған, және соғыстан шаршаған батыс түркілерінің көптеген тайпалары оның қоластына өз еріктерімен қарай бастады. Түркілердің басын қоса білген ол, ортақ жауларға қарсы біріккен жортуылдар ұйымдастырды. Шығыс түрік қағанатының аумағын кеңейту жолында аттан түспей қажымай еңбектеніп, Шығыста қидандарға (кейіннен қарақытай атанғандарға), Шибей татарларына (монгол тілдестерге), және оңтүстіктегі қытайтілдестерге ер жастанып, түн қатып, оқтын-оқтын жойқын жорықтарға аттанумен болды. Оның мұндай белсенділігінен қаймыға бастаған қытайдың Суй патшалығы тағыда арандату жолына түсіп, оған қарсы туған інісі Түркіт шадты айдап салуға әрекеттенді. Алайда ол адалдықтың ала жібінен аттамай, қытайлықтардың зымиян жоспарынан ағасын дер кезінде хабардар етіп үлгерді. Жайсыз ақпараттан қатты ашынған Суар қаған 615 жылы 100 мың салтаттыдан тұратын түріктің жер қайысқан қалың қолымен Яньмин (Яймынь) аймағына басып кіріп, қаланы қоршауға алады. Алайда қытай әйелінің арбауына түсіп, тіліне ілескен ол, табысты шабуылды ақырына жеткізбей, кейін шегініп кетті. Бұған таңдануға бола қоймас. Қытай патшасының ет-жақындарынан әйел алуға құмарту және сол әйелдерінің айтқандарына көніп, халық мүддесін екінші қатарға ысыру көптеген түркі қағандарының басынан өткен қасірет. Құдалықты мыңжылдық туыстыққа балаған бабаларымыз, бұл мәселеде ата жау болудан айнымаған қытай патшаларының ұстанымы мен дәстүр-салтының мүлде басқа екендігін ескере бермеді.

      Дегенмен де Шығыс түркілерінің күш-қуатының артуы қытайлықтардың өздерінің арасына іріткі салды. Олардың билеуші Суй әулетіне наразы көптеген әкімдері Суар қағанның жағына шыға бастады. Түркілер жеріне халқымен қоса қотарыла көшіп барумен шектелмей, өздерінің қандас Суй әулетіне қарсы түркілердің бөрілі байрағын желбірете көтеріп, қанды жорыққа аттанған, тіптен жаңа қожаларына адалдықтарын дәлелдеу үшін, есімдерін түркіше өзгерткен қытай билеушілері де болды. Мұндай қытайлар ақырында Суар қаған бастаған түркілердің күшіне қосылып, 618 жылы ел астанасы Чан-анға баса-көктеп кіріп, қытайды билеуші Суй әулетін тақтан тайдырды. Енді қытайдағы билікке Таң әулеті келді. Ал байырғы қытай елі осыған сәйкес Таң патшалығы деп жаңаша аталатын болды. Жаңа әулеттің таққа келуіне байланысты шығыс түркілері аймағына қашып барып паналаған көптеген қытайлықтар елдеріне қайта оралды. О баста Таң әулеті өзіне жақсылық жасаған Суар қағанды қолдап шықса да, онымен ұзақ уақыт ымыраға келу мүмкін еместігін түсініп, көп СКАЧАТЬ