Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 12

Название: Фирмалар қаржысы

Автор: Баян Купешова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-1289-7

isbn:

СКАЧАТЬ жaрнaлaры; мeншiктi бaғaлы қaғaздaрды сaтудaн aлынғaн тaбыстaр; жоғaрғы құрылымдaрдaн aудaрылғaн қaржы рeсурстaры; бюджeт субсидиялaры жәнe бaсқaлaры.

      Барлық кәсіпкерлік нысандағы фирмалар қаржысының негізі болып меншік иесінің шаруашылық және коммерциялық қызметін атқаруға қажетті мөлшердегі қаржылық капиталының болуы. Бұл капиталдың алғашқы пайда болуы фирманың құрылу кезінде жарғылық капиталдың қалыптасуы арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде негізгі және айналым капиталынан қалыптасады.

      3.3. Мeншiктi қaржы рeсурстaрының көзі – жарғылық капитал

      Жарғылық капитал – өз қызметін бастау үшін акционерлік қоғамдар және басқа да заңды тұлғалар бөліп шығаратын капитал мөлшері. Оның мөлшері шартпен және жарғымен белгіленеді. Жарғылық қоры акцияларын сату, жеке салымдар, мемлекеттік қосылымдар, сондай-ақ басқа ноу-хау, патенттер, лицензиялар және басқа да жолмен құрылады. Жарғылық капитал негізгі және айналымдағы қаржы салымдар бағасынан тұрады. Жарғылық қордың құқықтық реттелуіне ерекше мән беріледі, яғни оның негізгі функцияларын ескере тұратын болсақ.

      Жарғылық қордың (капиталдың) бірінші функциясының мазмұны – акционерлік қоғам құрылған сәтте оның сауда-өндірістік қызметі үшін құрылатын материалдық базасын құрайтын төленетін меншіктік салымдар. Екінші функциясы – кепілдік беру. Акционерлік қоғам кредиторлар алдында өзі иеленетін мүлік шегінде жауап береді. Аталған мақсаттарға жету үшін заң үкімдері қызмет етеді. Қоғам мүлкінің бағасы акционерлік капиталдың жарғысындағы белгіленген мөлшерінен асқан кезінде ғана пайданы акционерлер арасында бөлуге жол беріледі. Дивиденд баланстық (таза) пайда ретінде бөлінуге жатады. Ол қоғамның актив пен қарыз міндеттемелер арасындағы айырмашылығы болып табылады (акционерлік капиталын санамағанда). Сондай-ақ жарғылық қордың үшінші функциясы арқылы акционерлік қоғамның акционердің әрқайсысының бөлігі белгіленеді.

      Акционерлік қоғамның жарғылық қоры – мөлшері акционерлік қоғамның жарғысында бекітілген және де акционерлермен иеленген акционерлік қоғамның номиналды бағасынан тұратын капитал. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.

      Тәуелдi акционерлiк қоғам. Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының 20%-дан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.

      Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi.

      Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың 25%-ынан аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында 25%-дан артық дауысты пайдалана алмайды.

      Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын құру. Нарықтық экономика қағидаларында қызмет ететін коммерциялық кәсіпорындар, әдетте, ұжымдық СКАЧАТЬ