Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 11

Название: Фирмалар қаржысы

Автор: Баян Купешова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-1289-7

isbn:

СКАЧАТЬ не?

      5. Қаржылық жағдайды талдау барысында қандай көрсеткіштер анықталады?

      3. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰНЫН ТАЛДАУ

      3.1. Капитал мен қаржылық капиталдың анықтамалары

      Қаржылық капитал – ол фирманың өндірістік айналысына салынып, ол айналыстан табыс әкелетін қаржы ресурстары. Капиталдың басым рөлі кәсіпорынның экономикалық дамуында және үкіметтің мүдделерін қанағаттандыруын қамтамасыз ету.

      Меншік иесінің және персоналдың кәсіпорынның қаржылық басқаруының басты объектісі ретінде капиталды анықтайды. Ал оның тиімді қолдануының анықталуы анағұрлым жауапты қаржылық менеджмент тапсырмасына қатысты. Кәсіпорын капиталы тек ғана өзінің көп аспектілі мәнімен емес, сонымен қатар көптеген амал ретінде мінезделеді.

      Капитал – активтердің құрылуына инвестицияланған материалдық және материалдық емес нысандағы кәсіпорынды қалыптастыру мен дамытудың экономикалық негізі.

      Капиталдың сыныптамасы

      I. Нысаны бойынша:

      1. Меншікті капитал – меншік құқығындағы фирмаға тиесілі құралдарының жиынтық құны.

      2. Жарғылық капитал – фирманың қаржылық ұйымдастырылуының негізгі көзі, оның көлемімен фирма қаржылық міндеттемелері бойынша жауап береді.

      3. Қосымша капитал негізгі құралдарды, күрделі құрылыс пен бір жылдан астам қызмет ететін фирманың басқа да материалдық объектілерін қайта бағалау сомасынан қалыптасады.

      4. Резервтік капитал – ол белгілі мөлшерде пайдадан аударымдар жасау арқылы қалыптасатын (жыл сайын пайданың 5 % көлемінде), бөлінбеген пайда есебінен фирманың қызметін кеңейтуге қажетті инвестициялар жасалады.

      5. Фирманың басқа да резервтері фирманың болашақтағы шығыстарын есеп беру кезеңінің өндірістік шығындарына немесе айналымына біркелкі қосып отыру арқылы қалыптасады. Олар ағымдағы қызметті тұрақтандыру үшін қажетті.

      6. Қарыз капиталы – фирманың болашақ кезеңде қаржыландыру үшін қайтару шартымен тартылған ақша қаражаттары мен басқа да мүліктік құндылықтары.

      Аталғандардың барлығы баланс пассивінде көрініс табады.

      II. Объекті бойынша:

      1. Негізгі капитал – айналымнан тыс активтерінің барлығы инвестициялау үрдісінде пайдаланылатын капитал бөлігі.

      2. Айналым капиталы – фирманың айналымына инвестицияланған капитал бөлігі.

      Аталғандар баланс активінде көрініс табады.

      III. Пайдалану мақсаты бойынша:

      1. Өндірістік капитал – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін операциялық активтерге инвестицияланатын қаржы ресурстары (Қаржылық есеп № 3 «Ақша қозғалысы туралы есепте» Операциялық қызмет бойынша ақша қозғалысында көрініс табады).

      2. Ссудалық капитал – инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланудағы қаржы қаражаттары (Қаржылық есеп № 3 «Ақша қозғалысы туралы есепте» СКАЧАТЬ