Фирмалар қаржысы. Баян Купешова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Фирмалар қаржысы - Баян Купешова страница 10

Название: Фирмалар қаржысы

Автор: Баян Купешова

Издательство: КазНУ

Жанр: Учебная литература

Серия:

isbn: 978-601-04-1289-7

isbn:

СКАЧАТЬ сомасы оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.

A(I+II)=П(I+II+III)

      Бұл теңдік бухгалтерлік баланстың негізгі ойын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:

      – құрамы мен таратылуы бойынша;

      – қалыптасу көздері (қаржыландыру) бойынша.

      2. Ережеге сай активтің екінші бөлімінің жиыны пассивтің үшінші бөлімінің жиынынан аз:

А(II) < П(III).

      Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншікті қаражаттардың бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің бірінші бөлімінде көрсетілген айналым қаражаттарын жабуға кетеді.

      3. Қысқа мерзімді активтердің жалпы сомасы қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінен асады:

А(I) > П(I).

      Берілген теңсіздік алдыңғы теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты жұмыс істеу кезінде айналым қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.

      4. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлдеқайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:

А= Ск + Пк,

      мұндағы А – кәсіпорынның активтері; Ск – меншікті капитал; Пк – міндеттемелер.

      Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі түрлі көзден тұратынын көрсетеді: меншікті капитал (Ск) және міндеттемелер (Пк).

      Экспресс-талдаудың әдістемесі бойынша қаржылық есепті талдау жүргізгенде ең алдымен көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы түрде қиын емес есептеулер жүргізіледі, содан кейін олардың ішінен ең маңызды болып табылатын көрсеткіштерінің аздаған саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді сұрыптау субъективті және оны талдаушы жүзеге асырады.

      Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырмалы кеңістіктік-мерзімдік қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық потенциалы екі жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл екеуі өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Экспресс-талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарының бірі 2-кестеде көрсетілген.

      Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржылық жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.

      Кәсіпорынның өтімділігі жөнінде айтқан кезде, ондағы бар қысқа мерзімді активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісімшартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың өзінде, олардың қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.

      2-кесте

      Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі*

      *Дүйсенбаев СКАЧАТЬ