Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 6

СКАЧАТЬ шикі мұнайды тасымалдау кезіне тиесілі (48 %, ал апат әсері шамамен 5 %).

      Қазіргі уақытта мұнайдың 58 % астамы теңіз арқылы тасымалданады, ал теңіздік ортаға жыл сайын 3,5 млн тонна мұнай және мұнай өнімдері түседі. Өзендер мен қалалық ағындар арқылы да дәл осындай мөлшерде мұнай өнімдері мұхиттың ластануына өз үлесін қосады. Мұнай көмірсутектерінің үлкен үлес салмағы ірі қалалар аумағына шоғырланған. Оларға мұнаймен жұмыс істейтін жылыту жүйелерін, көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету операцияларын, қолданылған жағармай материалдарының керексіз бөлшектері және т.б. жатады. Жаңбыр сулары бұл қалдықтарды бірінші дренажды құбырларға шаяды да, тек сосын суға түсіреді. Суға мұнай өнімдерінің жиі қайталанып аз мөлшерде болса да түсе беруі сулы ағзадер түрлерінің санының қысқаруына, ал кейбір жағдайларда – толық жойылуына әкеледі. Кейбір мұнай өнімдері өте улы келеді, олардың трофикалық тізбекте жинақталуы адам үшін өте қауіпті. Көл суларының мұнай өнімдерімен ластануы су өсімдіктеріне және жүзетін құстарға үлкен қауіп төндіреді. Сонымен қатар, су қоймаларының беткі қабатында түзілетін мұнай қабықшалары атмосфера мен су арасындағы газ, ылғал, жылу және энергия алмасуын бұзады. Су бетіне түскен мұнай үлкен аудандарға шамамен 150 – 1000 л/км2 дейін жайылады. Мұнай мөлшері 0,2 – 0,4 мг/л құрайтын судан керосин иісі шығады, бұл иісті суды хлорласа да, сүзсе де кетпейді.

      Мұнай мұхитқа түскен соң желдер, ағымдар, толқындар әсерінен жайыла бастайды. Мұндай булану, еру, тірі ағзаларға сіңіру және тұнбаға тұндыру сияқты үдерістер нәтижесінде мұнай құрам бөліктерінің ыдырауы мен трансформациялануы салдарынан мұнай құрамы үнемі өзгереді. Мұнайдың барлық түрлері тез буланатын жеңіл қайнайтын компоненттерден тұрады. Бірнеше күн ішінде мұнай дағының 25 % булану нәтижесінде жоғалады. Төмен молекулалық компоненттер мұнай дағынан негізінен еру нәтижесінде (5 %) шығарылса, оның ішінде бірдей температурада н-парафинге қарағанда ароматты көмірсутектер тез ериді. Қайнау температурасы 3700С-дан жоғары мұнайдың ауыр фракциялары беткі қабатында қалып, жаймен нығыздалып, уақыт өте келе түбіне тұнады. Ыдырамайтын және тұнбаға түспейтін мұнай қалдықтары су бетінде шайырлы дөңгелекшелер түрінде табылады. Мұнай компоненттеріне бактериялардың биохимиялық әсері неғұрлым ауқымды және булану мен еру үдерістерімен салыстырғанда әртүрлі заттарды қамтиды. Алайда мұнай компоненттерінің барлығын бұзуға мүмкіндігі бар қандай да бір микроағза жоқ. Бактерия әсерінен мұнай көмірсутектерінің көптеген айналымдарын төмендегі үдеріспен сипаттауға болады:

      Н3С(СН2)nCH3 + O2 → H3C(CH2)n-1COOH + CO2 + H2O

      Мұнай көмірсутектері де химиялық тотығу және фото-тотығу процесіне ұшырайды. 4 л шикі мұнай толық тотығу үшін 600С-да ауамен қаныққан 1,5∙106 л теңіз суындағы О2 қажет екені есептелген; бұл ауданы 0,5 ∙ 104 м2 тереңдігі 30 см болатын теңіз суының мөлшеріне тең. Булану, еру, тұну, биологиялық және химиялық тотығу нәтижесінде мұнай СКАЧАТЬ