Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 10

СКАЧАТЬ Осыған орай электрондардың азырақ бөлігі ғана бөлік бетіне жетеді және потенциалдар айырмасын құруға қатысады. Тек кремнийдің таза монокристалдарының ғана кернеулері жоғары болады. Сондықтан да Күн энергиясын пайдаланудың бұл әдісі экономикалық жағынан тиімсіз деп есептелінеді. Алайда атом энергетикасымен салыстырғанда күн энергиясын қайта өңдеу толығымен «таза» болып табылады.

      2. ФГ әдісіне қарағанда айналы гелиоконцентрат әдісі қарапайым. Құрылғы Күннің бұрылысына қарай жылжитын айналар қатарынан тұратын жүйені құрайды. Бұл қозғалыстың мақсаты бір күн аралығында Күнді бақылау болып табылады, бұл кезде белгілі бір қатаң ретпен орнатылған айналар фокусы бар күн энергиясын жинайды. Осы уақытта Күнге бағытталған айналар тұрған алаң айналар қатарынан ондаған метр биіктікте мұнарада орнатылған су қайнатқышының бір бөлігі болып есептеледі. Су қайнатқышы жұмыс сұйықтығымен, мысалы сумен немесе төмен температуралы аммиак тәрізді сұйықтықпен толтырылады. Су қайнатқышы қарапайым жылу машинасына ұқсас жұмыс істейді.

      3. Күн коллекторы. Күн энергиясын тікелей пайдалану жылыту үшін, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Жазық коллектор болса жеткілікті. Коллекторлардың көптеген түрлері бар, алайда олардың барлығының беті қара, ал оның үстінде әйнектен немесе түссіз пластмассадан тұратын «терезе» бар. Бұл беттік қабат жарық энергиясын сіңіреді де, оны жылу энергиясына айналдырады, ал «терезе» жылудың кеңістікке тарауына жол бермейді. Жылыту үшін ауаны терезе мен қара беттің ортасынан жібереді, ал суды – беттік қабаттың арасымен құбырлармен жібереді. Күн энергиясын жинақтау және оны жылу энергиясына айналдыруға жұмсалатын шығын өте аз.

      4. Күн бұлақтары. Жасанды су қоймалары тұздықтармен (аса тұздалған су) жартылай толған, ал оның үстінде тұщы су бар. Тұзды судың тығыздығы жоғары келеді, сондықтан ол түбінде қалады және жоғарғы қабатпен тіптен араласпайды. Күн сәулелері тұщы су арқылы өтіп, тұзды сумен жылуға айнала сіңіріледі. Жоғарғы қабат төменгі қабаттың салқындауына мүмкіндік бермей оқшаулағыш қызметін атқарады. Тұздың ыстық қабаты құбырлар арқылы бөлмені жылытады.

      Күн энергиясын қайта өңдеудің аталған құрылғыларының барлығының кемшілігі ретінде олардың осындай қуатта жұмыс істейтін ЖЭС салыстырғанда үш есе үлкен аймақты қажет ететіндігін және олардың тұтынушылардан алшақ емес болуын (80 км шамасында) атауға болады.

      Күн энергиясы су айналымын, ауа циркуляциясын және биосфераның органикалық затының жинақталуын қамтамасыз етеді. Күн энергиясының қайта өңделген әртүрлі формаларының барлығы Күннің түсетін сәулесімен толығымен байланысты болады. Бұл энергошикізаттарды пайдаланғанда күн энергиясын жанама қолдану болады.

      БИОЭНЕРГЕТИКА. Биоэнергетика – биомассаны энергия көзі ретінде қолдану. Биомасса – фотосинтез нәтижесінде түзілген кез келген органика болып табылады. СКАЧАТЬ