Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 4

СКАЧАТЬ етеді. Сондықтан, энергетика саласында қайта орнына келмейтін шикізаттардың орны ерекше, яғни ерте ме, кеш пе шикізаттардың сарқылу қаупі туады. Сондықтан адамзатты энергиямен қамтамасыз етудің жаңа және неғұрлым тиімді жолдарын іздестіру мәселесі туындайды. Экоэнергетика – қоршаған ортаға энергияны өндіру, сақтау, беру және пайдаланудың заманауи әдістері әсерінің салдары туралы, сондай-ақ энергия дайындау, сақтау, беру және пайдалану әдістерін экологиялық таза, тиімді бағытта энергетика дамуының мүмкін жолдары туралы ғылым.

      ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАСЫ

      Энергошикізаттың негізгі тұтынушылары өнеркәсіп, энергетика және транспорт болып табылады. Қоғамның энергоқуаттылығы негізінен электр энергиясы өндірісінің өсуіне байланысты артады. Электр энергиясының негізгі кемшілігі, ол оны өндіру барысында қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінде. Оны алудың көптеген тәсілдері белгілі, бірақ негізгісі болып жану реакциясы қолданылады. Электр энергиясының ең көп мөлшері (шамамен 70 %) көмір, мұнай және табиғи газды жағу арқылы өндіріледі, оны қазба отын деп атайды. Осы минералдар биологиялық үдерістердің (өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары арқылы, Жердің терең қыртыстарының газсыздануы нәтижесінде) нәтижесінде түзілсе де, оларды пайдалану барысында мөлшерін толықтыру екі себеппен мүмкін болмайды:

      • Жер бетінде органикалық заттар айтарлықтай жинақталмайтындай жағдайда өзгерген;

      • адамзат жанғыш қазбаларды олар түзіліп үлгермей жатып жылдам тұтына бастаған.

      Осылайша қазба отынның ресурстары шектеулі бола бастады. Көптеген елдер қазірдің өзінде «энергетикалық дағдарысқа» ұшырауда.

      Отынның құрамын төмендегідей жалпылама формуламен сипаттауға болады:

C + H + O + N + S + W + Z = 100%

      мұндағы көміртек, сутек, оттек, азот және күкірт өзіне сай таңбалармен белгіленген; ал W – ылғал мөлшері; Z – күл мөлшері. Отынның құрамындағы элементтердің сандық қатынасы әртүрлі және оның типінен ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу орнына да байланысты өзгеріп отырады. Бірақ барлық жағдайда да оның негізгі бөлігі (орташа 80 %) көміртектен тұрады. Сондықтан да тек осы компонент отынның жылу беру мүмкіншілігін анықтайды:

С + О2 → СО2 + 393,5 кДж/моль

      Отын жануының негізгі өнімі көміртек диоксиді CO2, оның өте көп мөлшері атмосфераға жылу электр станциялары (ЖЭС), көліктер және заводтар арқылы түседі. Мұның салдары «парниктік әсерге» әкеледі.

      Отынның жану реакциясы оттектің айтарлықтай мөлшерін талап етеді. О2 мөлшері жеткіліксіз болғанда негізгі міндет – жылуды алу орындалмайды, себебі эндотермиялық процесс мүмкін болады:

С + СО2 → 2СО – 410 кДж/моль

      немесе көмірқышқыл газының СО2 түзілу процесі жағдайымен салыстырғанда жылудың мөлшері неғұрлым аз мөлшерде бөлінетін процесс орын алады:

С + 1/2О2 → СО + 110,5 кДж/моль

      Осымен қатар өте улы көміртек (II) оксиді СО СКАЧАТЬ