Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 5

СКАЧАТЬ байланысты қоңыр көмір, тас көмір және антрацит деп бөлінеді. Қоңыр көмірден антрациттерге өткенде көміртектің үлесі (65 %-дан 90 %-ға дейін) артады және осыған сай сутек және оттектің үлесі кемиді. Көмірдің органикалық массасына битум (сұйық немесе қатты қоспалар және олардың оттекті, күкіртті және азотты туындылары), гумин қышқылдары (фенолгидроксилді, карбоксилді, амин топтары бар жоғары молекулалы қосылыстар) және қалдықты көмір (жартылай ароматты қосылыстар) кіреді. Қоңыр көмірдің жылу сақтау мүмкіншілігі – 12000 кДж/кг, тас көмірдікі – 19,000 кДж/кг, антрациттікі – 29000 кДж/кг. Көмірді ашық және жер асты әдістерімен өндіреді. Жер асты арқылы көмірді өндіргенде шахта көміліп қалмас үшін оның жартысына жуығын сол орында қалдырып кетуге тура келеді. Ал ашық әдіспен өндіргенде көмір қатпарларына дейінгі тау жыныстары мен топырақты орасан зор экскаваторлардың көмегімен қопарып ашады. Бұл кезде толығымен жер үстіндегі экожүйе жойылады. Қалған карьерлер мен олардың шұңқырларын рекультивациялауға, яғни тегістеп жауып және ол жерді тыңайтып, өсімдіктер отырғызуға болғанымен, алайда мұндай экожүйені орнына келтіру үшін көп уақыт қажет болады. Көмірдің отын ретінде қолданылуының ең маңызды экологиялық кемшілігі – оның күкірт диоксидімен 2 ластануы, сонымен қатар күлді қалдықтардың өте көп мөлшерде қалуы. Сонда-ақ, көмірді жаққаннан кейінгі қалдықтардың құрамында күшән, қорғасын, сынап және бірқатар радиоактивті заттардың іздері болады.

      Шымтезек және сланецтер. Отынның шымтезегі мен сланецтерінің жылу сақтау мүмкіншілігі 24000 кДж/кг болады. Алайда бұл отын түрлерінің жоғары күлділігі, тіпті көмірмен салыстырғанның өзінде оларды қолданудың тиімсіз, экологиялық тұрғыдан күрделі екенін көрсетеді (күлдің мөлшері 30-дан 60 % дейін).

      Мұнай адамзатқа көне заманнан бері белгілі. Оның мұнай ретінде табылғаны туралы нақты деректер жоқ, бірақ тереңдігі 23 м болатын алғашқы өнеркәсіптік бұрғы 1859 жылы Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында бұрғыланған болатын. Ал 1880 жылдан бастап мұнай өндіру геометриялық прогрессиямен өсіп келеді, ал қазіргі уақытта Жер қойнауынан жыл сайын 3,2.1012 л аса мұнай шығарып алынады. Бұл көмірсутектердің үш түрінің – алкандар (СnH2n + 2), циклоалкандар (СnH2n) және арендердің (СnH2n6) қоспалары. Сонымен қатар, мұнайдың құрамында көп мөлшерде күкірт S – 4 %-ға дейін, азот N – 1 %-дан артығырақ және одан сәл кемірек мөлшерде оттек бар. Бұл қосымша элементтер әдетте, көмірсутек молекулаларының бір бөлігі болып табылады. Мұнайдың құрамында микромөлшерде 27 ге жуық элементтер (фосфор Р, ванадий V, марганец Mn, хром Cr, кобальт Co, бор В, магний Mg, никель Ni, темір Fe, алюминий Аl және т.б.) болады. Әртүрлі мұнай құрамында барлығы 805 жеке химиялық қосылыстар анықталған. Мұнай – өзіне тән иісі бар ашық түсті қоңырдан қараға дейін түсі бар майлы сұйықтық. Ол суға қарағанда сәл жеңілірек және онда іс жүзінде ерімейді. Мұнай әртүрлі көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, оның белгілі бір қайнау температурасы жоқ. Әр түрлі географиялық аудандарда өндірілген мұнайдың арасындағы негізгі айырмашылық оның химиялық құрамы емес, ол шикі мұнайдың физикалық СКАЧАТЬ