Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қолданбалы химия - Роза Рыскалиева страница 12

СКАЧАТЬ жетеді. Бірақ мұндай жерлер Жер бетінде аз. Көтерілу толқыны үздіксіз өзгеріп тұратындықтан, (толқын бірде жағалауға шығады, бірде кері кетеді), соған байланысты станцияның күші және қуаты да өзгереді. Қуаты 240 мың кВт алғашқы ТСЭС 1967 жылы Францияда Рона өзенінің Ла-Манш өзеніне құйылатын жерінде салынды. Өзеннің сағасы ұзындығы 700 м бөгетпен қоршалды. Бөгет үстінде су көтерілгенде бір жағына қарай және су қайтқанда кері қарай айналатын «қайтымды» гидроагрегаттар орнатылған. Ронадағы ТСЭС салудың бағасы қуаты сондай кәдімгі өзен ГЭС құнынан 2,5 есе асып кетті.

      ТСЭС негізгі кемшілігі – олардың күні түні жұмыс істейтіндігі, оның қуаты судың толқынына байланысты.

      ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫ. Жел – Жер бетіне қарағанда ауа қозғалысы. Жердің беткі қабатының әр жерлерінің қаралығы әр түрлі. Сондықтан Жердің әртүрлі бөліктері күн радиациясы әсерінен әртүрлі температураға дейін жылынады. Яғни, атмосфераның төменгі қататтары да біркелкі қызбайды. Осыған байланысты бірдей биіктікте ауаның қысымы бірдей болмайды. Атмосферада қысым горизонтальді таралады. Бұл ауаның көп мөлшерінің жылжуына әкеледі де, жел пайда болады. Ерте заманнан бері үй жануарлары мен су энергиясымен қатар, жел де (жел диірмендері) қолданылып келеді. Қазіргі уақытта жел турбиналары қолданылады. Жел турбиналарының қалағының ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол энергия алуға мүмкіндік береді. Қалағының өрісі шамамен 17 м және қуаты 100кВт өлшемі бойынша үлкен емес жел турбиналары кешенін пайдалану өте тиімді. 50-ден бірнеше мыңға дейінгі осындай қондырғыларды жел электростанцияларына (ЖЭС) біріктіреді. Мысалы, Калифорнияда жалпы қуаты 1500 МВт болатын 17 мың жел турбинасы бар ЖЭС жарты АЭС ауыстырады. Мұндай құрылғының бағасы ватт қа есептегенде 1,25$ құраса, ал ЖЭС және АЭС үшін шығындар 3 және 5$ құрайды.

      Қоршаған ортаға ЖЭС кері әсері төмендегідей:

      1. Ондаған мың жел дөңгелектері мен мұнараларын дайындау үшін алюминий немесе әйнек пластиктері өндірісін арттыру қажет, ал бұл өте лас өндіріске жатады;

      2. Қуаттылығы 250 кВт болатын бір құрылғының жұмысынан күші 50-80дБ болатын шу шығады;

      3. Жел дөңгелектерінен қауіпті инфрадыбысты толқындар шығады, ол ағзаға кері әсер тигізеді, ЖЭС орналасқан және оған жақын аймақтарда адамдар мен жануарлардың өміріне қауіп төнеді;

      4. Күшті радиокедергілер туындайды;

      5. Ұшып келетін құстардың қозғалыс траекториясы бұзылады, құстардың дәстүрлі мекені жойылады;

      6. Жел энергиясын кең көлемде пайдалануға байланысты оның жайылуы мүмкін; «жел тармақтары» өзгереді, яғни ЖЭС салынған жерде ғана емес, сонымен қатар одан алыс жатқан жақтарда да климаттық тепе-теңдіктің, ылғал мен жылудың тасымалдануының бұзылуы мүмкін;

      7. Желдік құрылғыларды орналастыруға үлкен аймақ қажет болады.

      Жел энергиясын пайдаланудың қиыншылығы оның күші жағынан да, бағыты жағынан да тұрақсыздығында болып табылады.

      ГЕОТЕРМАЛДІ СКАЧАТЬ