Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 10

Название: Практикалық археология

Автор: Ғани Омаров

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 978-601-247-529-6

isbn:

СКАЧАТЬ тәсілі арқылы жарыққа шығарады, ол жерде стационарлы қазба жұмыстарын жүргізеді, барлау және қазба жұмыстары кезінде алынған материалдарға сақтау жұмысы жүргізіледі, арнайы қажетті талдау жұмысын жүргізеді, ғылыми есеп құрастырылып, материалдарды музейге өткізеді.

      Бұл құрылыс жұмыстары аймақтарындағы археологиялық ескерткіштерді сақтаудағы зерттеудің ең кең таралған және әмбебап формасы болып есептеледі. Бірақ, бұл зерттеу әдісіне тек бұдан биік сатыдағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда рұқсат етіледі.

      Құрылыстың басталу және аяқталу кезеңдері кезінде археологиялық ескерткіштерді табу, ғылыми зерттеу және тіркеу жұмыстарымен ереже бойынша тек бір ғана археологиялық профильді ғылыми ұйым айналысуы қажет. Берілген уақыт ішінде ескерткіштерді тіркеу мақсатында басқа ұйымды іске қосу құрылыс сатысында өте орынды болып табылады. Осы тұрғыда, ескерткіштерді сақтау, қорғау, жобасын құрастырып, орындаушы ғылыми археологиялық ұйым құрылыс барысында ескерткіштерді зерттеуді жеделдету мақсатында қосылған ұйымдардың бастысы болып, әрі олардың жұмыстарын үйлестіруі қажет.

      Ғылыми және ғылыми-техникалы қызметшілері бар далалы экспедиция бөлімшелерін жұмыс күшімен, транспортты техникалармен, жер және топырақ жұмыстарына қажетті техникалармен, қауіпсіздік техникалармен, экспедицияға сай және арнайы ғылыми құрылғылармен және т.б. қамтамасыз ету, олардың алдына қойылған міндеттерді шешу өз дәрежесінде болуы қажет.

      Археологиялық ландшафт зерттеу пәні ретінде. Мәдени ландшафтарды сақтау урбанизацияның альтернативасы бола келе, тарихи-мәдени және эстетикалық (архитектуралық-көркемдік) басымдылықтарын барлық жағдайда есепке ала бермейді. Әлемде 1990 жылдардың басында мұраның ерекше түрі ретінде мәдени ландшафтарға ерекше көңіл аударыла бастады. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра туралы Конвенция құжаттарында «мәдени ландшафт» ұғымы пайда болады. Мәдени ландшафт адамзат баласы мен табиғаттың біріккен творчествосы, біріккен жұмысының нәтижесі ұғымында қолданылады.

      ЮНЕСКО мәдени ландшафтың

      – қалалық;

      – тарихи-археологиялық;

      – сарай-саябақтық;

      – монастырлық;

      – майдан даласы ландшафты (әскери мәдениет);

      – ауылдық сияқты типологиясын бөліп шығарды.

      Біздің қарастыратынымыз – археологиялық ландшафт. Табиғи орта және археологиялық ескерткіштердің бір-бірімен байланысы мен бір-біріне тәуелділігі обьективті сипатта болады және археологиялық мұралар мен табиғи ортаны сақтау, пайдалану мәселелерінің барлығы тек бірге шешілуі мүмкін.

      Тарихи-мәдени және табиғи байлық кешенінде ерекше зерттеу, қорғау пәнін археологиялық ландшафт құрайды. Археологиялық ландшафт – адам іс-әрекетінің аймағы болып табылатын географиялық кеңістік. Сондықтан да археологиялық мұраларды СКАЧАТЬ