Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 13

Название: Практикалық археология

Автор: Ғани Омаров

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 978-601-247-529-6

isbn:

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Ғылыми есеп – бұл археологиялық зерттеулер нәтижесінде дайындалатын аса маңызды құжат және зерттеліп отырған нысан жайлы ғылыми мәлімет беретін негізгі дерек. Сондықтан ғылыми есепті дайындауға байланысты барлық жұмыстар «Археологиялық бақылау және қазба жүргізуге арналған ереже» бойынша атқарылады.

      Ғылыми есепке арналған материалдардың дайындығын ескерткіштің сипатына, онда жүргізілетін жұмыс түріне және нысан жайлы бар мәліметке байланысты жұмыс жасайтын әртүрлі мамандар жүргізеді.

      Ескерткіш жайлы алғашқы мәліметтер құрамына:

       тарихи мәлімет, мұрағат және жарық көрген деректер бойынша дайындалады. Бұл жұмысты қазбаның жетекшісінің бұйрығымен жалданған тарихшы немесе жетекшінің өзі атқарады.

       археологиялық анықтама, нысанда алдынғы уақытта кім, қашан және қалай (қазба, траншеялар, қабаттарды тазалау және материалдарды жинау) жүргізгені жайлы мәлімет беретін. Мұндай ақпаратты археолог ғылыми есептерден, Ғылым Академиясы жанындағы археология институтының деректерінен және басқа ғалымдардын ғылыми көркемдік шығармаларынан ала алады.

       геологиялық топографиялық көрсеткіштер, егер нысанда топокескін жасалған, инженерлік бұрғылау жұмыстары жүргізілген жағдайда. Топографиялық кескіннің жоспарын археолог алдыңғы есептерден алуына болады (онымен қатар бұл ақпараттың дұрыстығын тексеруі қажет).

       өлкетану материалдары (өлкетанушыладың жергілікті халықтардан ескерткіш туралы жинаған мәліметтері). Егер археологта мұндай мағлұматтар болмаса, онда ол өзі өлкетанушылармен байланысып, жергілікті мұражайдан немесе елдімекеннің ақсақалдарынан ақпарат алуы тиіс.

      Археологиялық зерттеулердің материалдарын жүйелендірудің құрамына:

       зерттелетін археологиялық ескерткіштердің аты немесе барлау жұмыстарындағы маршруттық карта бойынша тізімі.

      әрбір ескерткішке және жақын маңда орналасқан маңызды орындарга (шатқал, жота, өзен, елдімекенге дейінгі арақашықтық, жол) байланысты нақты сипаттама. Сипаттаманың құрамына жердің жағдайы, топографиялық ерекшелігі, нысанның формасы және өлшемдері, мәдени қабат пен жиналған мәлімет жайлы анықтамалар кіреді.

      қайта ашылған немесе маңызды нысандардың, белгіленген және жақын орналасқан жерлердің жер қыртысының топографиялық жоспары. Кала мен басқа да күрделі жер қыртыс бар ескерткіштерге жоспардағы масштабта бөлінген жердің кескіні алынады. Осы археологиялық ескерткіштегі барлық жұмыстар жоспарға түсірілуі қажет.

      мәдени қабатпен байланысы жоқ ашылған жерлердің, траншеялардың, шурфтардың стратиграфиялық бейнесі.

      заттық материалдардың деңгей бойынша сипаттамасы. табылған заттардың мөлшеріне, хронологиясына және шифріне байланыста суреттері.

      далалық жұмыстардың, СКАЧАТЬ