Практикалық археология. Ғани Омаров
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Практикалық археология - Ғани Омаров страница 11

Название: Практикалық археология

Автор: Ғани Омаров

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 978-601-247-529-6

isbn:

СКАЧАТЬ Сметалық құжаттар неден құралады? Археологиялық зерттеуге сметаны қалай дұрыс құрайды?

      8. Археологиялық зерттеулер үшін келісімшарттың қандай негізгі шарттары болуы қажет?

      9. «Археологиялық ландшафт» дегеніміз не? Осы сабақты не үшін оқуымыз керек?

      10. Қандай археологиялық жұмыстың түрлерін білесіз және тәжірибе кезінде ол қалай жүзеге асады?

      3-бөлім. ТАРИХИ ОРТАДАҒЫ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНЫҢ ОРЫНЫ. ҒЫЛЫМИ ЕСЕПТІ ДАЙЫНДАУ

      Мәдени қабаттың ақпараттық мәселелері көп қырлы. Бұл мәселелерді шешу үшін әртүрлі тәсілдерді қолданута болады. Дегенмен, мәселені шешудің негізгі құрылымдарына стратиграфия, құрылыс және мерзімделуі жатады. Осы сұрақтардың қажетті деңгейде қарастырылуы тарихи жағдайдағы зерттеу нысанының орнын айқындауға мүмкіндік береді.

      3.1. Стратиграфия, әр қабаттардағы табылмалардың орналасуы

      Мәдени қабаттың қалыптасу механизмі әралуан факторларға байланысты. Таза табиғи факторға жер беті деңгейіне жерасты суының жақын орналасуы жатқызылады. Осы жағдай құрғақ қабаттарға қарағанда ерекше болып келетін дымқыл қабаттардың пайда болуына ықпал жасайды. Дымқыл қабатта ағаш, тері, сүйек және т.б. органикалық заттар жақсы сақталады. Сондықтан да дымқыл қабаттың маңыздылығы құрғақ қабаттан алынатын мәліметтерге қарағанда әлдеқайда жоғары болып табылады.

      Стратиграфия – латынша «страто» – қабат, «графо» – жазамын. Археологиялық ескерткіштердегі жер қабатының қалыптасу процессін зерттейтін ғылымының бөлігі. Әрбір қабат немесе страт бұл жерде өмір сүрген уақыттың белгілі бір кезеңдеріне жатады. Адамдар тастап кеткен қоныстар, елді мекендерді біртіндеп шөп, бұта өсіп топырақ басады, кей жағдайда жаңадан құрылыстар салынады. Қоныс-құрылыстар және т.б. ескерткіштер жер сілкінісі, жанартаулар атқылауы сияқты табиғат зілзалалары әсерінен көміліп қалуы мүмкін. Жүздеген, мыңдаған жылдар өткен соң тіпті, тереңде қалады, себебі оны құм, топырақ көмеді және кейінгі салынған құрылыстар жабады. Мұндай қатпарлар немесе бірінен кейін бірі келетін қабаттар археологтар тілінде ескерткіштің стратиграфиясы деп аталады. Стратиграфиялық әдіс XIX ғасырда қабаттардың қалыптасу кезеңіне байланысты қайсысы ертеректегі немесе кейінгі қабат екенін анықтау қажеттілігінен пайда болған. Қазба кезінде стратиграфияны, әсіресе, бірнеше қайтара қоныстанған жерлерде жақсы түсініп оқи білу керек. Әртүрлі жағдайлар әсерінен бір мәдени қабаттағы (мәдени қабат – адамның іс-әректі нәтижесінде пайда болған қыртыс) артефактілер басқа қабаттарға аңдар мен жануарлардың ін қазуы, не қазылған шұңқырлар, сондай-ақ жер қыртысының қозғалуы әсерінен ауысып кетуі мүмкін. Жер қыртысының араласуы қабаттарды да араластырады.

      Қазба жүргізуші археолог мәдени қабаттарды бір-бірінен түсі, құрамы арқылы аңғарып, ажырата білуі керек. Қиманьщ сызбасында қабаттар туралы ой-қорытындыларын басқа мамандар дұрыс түсінуі үшін масштабта дәл көрсеткені жөн. Сызбада СКАЧАТЬ