Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 31

СКАЧАТЬ кеткен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығару жолдарының жаңа тәсілдерін іздестіруге кірісті. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 5 млн адамға жақындау қаупін туғызды, ал жоғарғы салықтар ұлттық экономиканың дамуын ынталандыра алмады. 2003 жылы жазда Г.Шредер үкіметі салық реформасын жүргізу ұсынысын білдірді. 2003 жылдың қазан айында Г.Шредер үкіметі бундестаг депутаттарының қарауына елдегі еңбек нарығын түбегейлі өзгертуге, тиімді өндіріс үшін материалдық ынтаны арттыруға, әлеуметтік көмек алатындарды тыныштандыруға бағытталған «Кезектегі мәселе-2010» атты реформалар қоржынын ұсынды. Осы реформаларды жүргізу арқылы Шредер ХДО/ХӘО коалициясындағы бәсекелестерінің жеңіске деген үмітінен айырмақшы болды. ГФР тұрғындары өмір сүру деңгейінің жоғары болуына, кепілденген әлеуметтік қорғауға дағдыланып қалды, ал үкіметтің оларды бұл дәулеттен айырудың кез келген амалдары әділетті наразылық тудырды.

      2003 жылы 18 қарашада Рур аймағының ірі өнеркәсіп орталығының бірі Бохумда социал-демократтардың көпжылдық басқаруын қорытындылауға және келешек реформалардың болашағын белгілеуге тиісті ГСДП партиясының үш күндік съезі ашылды. Съезд делегаттарының алдында есеп баяндамасымен сөз сөйлеген федералды канцлер Г. Шредер өзінің әріптестерін реформаторлар жолында пайда болатын қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге шақырды. Социал-демократтар «Болашаққа бағыт» атты бағдарламалық құжат қабылдап, Шредер үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын жалпы алғанда құптады. Сонымен қатар съезге қатысушылар оның партия құрамында қызмет еткеніне 40 жыл толуын салтанатты түрде атап өтіп, саяси қызметінде одан әрі жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.

      Дегенмен, партияның жағдайы ауыр болды. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, «Бағдарлама-2010» бойынша әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы халықтың кедей бөлігінің ғана емес, ауқатты азаматтардың да наразылығын туғызды. Басқарушы партия беделін арттыруға ұмтылған Г. Шредер реформалардың жағымсыз салдарларына көңіл толмаушылығын жиі білдіріп отырған солшыл қанат өкілдеріне, жас социалистерге, кәсіподақтар жетекшілеріне жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Алайда, бұл уәделердің барлығы кеңес беру сипатына ие болды.

      Ал жалпы алғанда, басқарушы партияның кезекті съезі жемісті аяқталды деп айтуға болады. Үкімет саясатына қатысты айтылған сындарға қарамастан, делегаттар Г. Шредерді қайтадан партия жетекшісі (81,1 % дауыс) етіп сайлады.

      Сыртқы саясаты. Г.Коль үкіметі сыртқы саясат саласында ГФР-дың жетекші еуропалық держава және атлантикалық қауымдастықтың белсенді мүшесі ретіндегі рөлін нығайтуға көңіл бөлді. ЕО шеңберінде еуропалық интеграцияны одан әрі тереңдету ГФР-дың тағы бір маңызды міндетіне айналды. Осының негізінде Франциямен тату көршілік қатынастар орнатылды. Г. Коль Германияны біріктіруді естен шығармады және ГДР-ге қатысты дұрыс саясат жүргізді.

      Г. Коль басқарған жылдардағы ГФР дипломатиясы СКАЧАТЬ