Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 26

СКАЧАТЬ деңгейі Франция, Грекия, Испания, Португалия елдерінен қалып қойса да, алып-сатуда мемлекет қажеттілігінің 75 %-ын қамтамасыз етті.

      Шектен тыс өндіру дағдарысынан шығу 1983 жылы басталып, кейінгі 8 жыл ішінде өндіріс көлемі ұлғайды. Көтерілу шыңы 1990 жылға сәйкес болды. ІЖӨ сол кезде 4,5 %-ға жетті. Машина жасау, химия, электронды-техникалық салалар жақсы дамыды. Ғылыми зерттеулерде көп қажет ететін тауарлардың әлемдік нарығында ГФР Жапонияны озып, ІІ орынға шықты (2 %). Экспорттық операциялардың үрдісі бойынша да ГФР АҚШ-тан кейінгі ІІ орынды иеленді. Өнеркәсіп өндірісінің дамуына байланысты экспорттың тез өсуі сыртқы сауда да көп пайда келтірді. 1990 жылы сыртқы сауда көлемі 148,5 млрд маркаға жетті (2 жыл бұрын 128 млрд марка болатын). Ақырында жұмыссыздық мәселесі де шешіліп жатты. Оның деңгейі тез болмаса да, төмендей берді. 1990 жылы 10 жыл ішінде алғаш рет ол 2 млн адамнан аз болды (халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 7 %-ы). Даму жылдарында ГФР қаржы жүйесі тұрақты болды.

      Сыртқы саясат басымдылықтарын Г.Коль канцлер атағын алу күресінің басында-ақ көрсетті. Ол ГФР рөлін әлемдік қауымдастық мүшесі ретінде бекіткісі келді. Яғни халықаралық-құқықтық жүйемен демократия үшін күрескен, атлантикалық ынтымақтастық ұстанымын ұстанды.

      Биліктің алғашқы жылдарында Г. Коль НАТО стратегиялық серіктестерімен қатынастарды нығайтуға бағыт алды. Антисоғыстық қозғалыстың кең қанат жаюына қарамастан Коль үкіметі ГФР аумағында зымырандарды орналастыру жөніндегі келісімділікті қатаң сақтады. Батысгермандық дипломатия Ұлыбританияның Фолкленд (Мальвин) аралдарына қатысты қақтығысқа қатысуын қолдады. Коль үкіметі 1986 жылы Рейкьявиктегі кеңес басшылығымен келіссөзде Рейганның қатаң позициясын жақтады. Сонымен қатар Коль одақтастармен қатынаста толық теңқұқылық орнатты. 1984 жылы әскери өндіріс пен 1954 жылы Париж келісімдерінде бекітілген әскери күштерді дамыту саласындағы соңғы шектеулер алынып тасталды.

      Сыртқы істер министрі Геншердің қолдауымен Г. Коль еуропалық интеграция үрдісінің жаңа кезеңінің қалыптасуына өз үлесін қосты. «Геншер-Коломбо» жоспары шеңберінде Г. Коль 1983 жылы Еуропалық қоғамдастық көшбасшыларының Штутгарт кездесуіне қатысып, «Еуропалық одақ туралы салтанатты декларацияға» қосылды. 1984 жылы франко-батысгермандық байланыстар күшейе түсті. Франко-батысгермандық қатынас 1986 жылы қабылданған «Бірыңғай еуропалық актінің» жасалуының маңызды факторы болды.

      80-жылдардың ортасында халықаралық қатынастар сипатының өзгеруіне байланысты ГФР-дың сыртқы саясаты да басқа арнаға құя бастады. Г. Коль жоғары деңгейдегі кеңес-америкалық пікір алмасуды құптаған болатын. Ол орта және кіші қашықтықтағы зымырандар мәселесін сындарлы шешуге септігін тигізді. 1988 жылдың қазан айында Г. Кольдің Мәскеуге келуі және М. Горбачевтің Боннға жауап сапары (1999 ж. VІ) екі елдің қарым-қатынастарын нығайта түсті. Кеңес-батысгермандық қатынастың ең маңызды аясының бірі КСРО-да тұратын неміс ұлтының және тарихи СКАЧАТЬ