Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева страница 28

СКАЧАТЬ Шығыс Германияның тауар нарығы құлдырап, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеді.

      1990 жылдың тамыз айында ГДР мен ГФР арасындағы жасалған келісімшарт 1945-1949 жылдары ГКӘӘ кәмпескелеген меншікті бұрынғы иелеріне беруді растады. Шығысгермандық экономиканы реформалаудың негізгі амалы кәдімгі коммерциялық негіздегі жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру мен нарықтық менеджментті енгізу болды. Жекешелендіруді жүргізу үшін Берлиндік Қамқорлық басқармасы құрылып, оған бұрынғы ГДР-дың 14 мың мемлекеттік өнеркәсібі берілді. 1 жыл ішінде басқарма 1 мың күшті өнеркәсіпті жекешелендірсе де, бюджетке тек 4 млрд марка пайда түсті.

      Шығысгермандық өндірісті қайта құруға талпыну да нәтижесіз еді. ГФР үкіметі шығыс өлкелерді жаңғыртудың федералды бағдарламаларының уақытын ұзартуға мәжбүр болды. Гүлденіп жатқан экономика үшін де бұл ауыр жүк еді.

      90-жылдардың басында Батыстың жетекші елдерінің барлығында экономикалық даму тежелісі байқалды. Германия экономикасының жағдайы одан да қиын болды. Дағдарыстың шарықтау шегі 1993 жылға келді, сол кезде ІЖӨ 1,1 пайызға төмендеді. Машина жасаудың маңызды салаларында өндірістің төмендеуі 20-25 % болды. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 1991 жылы 5,5 %-ға, ал 1993 жылы 8,9 %-ға жетті. Экономикалық құлдыраудың негізгі себептері бірігу мәселелерімен байланысты еді. Шығысгерман экономикасын жетілдіру, жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру бірнеше онжылдықтар бойы батысгермандық экономика тұрақтылығының негізі болған қаржы жүйесін әлсіретті. Үкімет банк салымдарына пайыздық мөлшерлер мен салықты көбейтуге мәжбүр болды. Қаржы шығындарын өтейтін бұл шаралар өндірістің тоқырауына әкелді. Коль үкіметі салықты көбейтумен және шығыс өлкелерді қолдауға мемлекеттік шығынды азайтумен болды. Денсаулық сақтау мен зейнетақыға қаржы бөлу азайтылды.

      90-жылдардың І жартысында Германиядағы саяси жағдай бірқалыпты болды. Мемлекеттің бірігуі Христиандық демократтардың қарым-қатынасын нығайтуға септігін тигізді.

      1994 жылы қазанда ГФР-де кезекті парламенттік сайлаулар өтті. Онда еркін демократтармен бірге ХДО/ХӘО басқарушы коалициясы жеңіске жетті. Консервативті альянс дауыстың бір бөлігінен айырылғанымен, жаңа министрлер кабинетін құру құқығын сақтап қалды. Жалпы алғанда, басқарушы коалиция бундестагта сөзсіз көпшілікті қамтамасыз ететіндей 341 мандатты иеленді. Оппозициялық ГСДП бұрын құрылған оңшыл күштер коалициясын ығыстыра алмады.

      Қиын-қыстау кезеңде ГДР-дің басқарушы партиясы болып табылған бұрынғы Германияның Социалистік бірыңғай партиясы (ГСБП) орнына құрылған Демократиялық социализм партиясы (ДСП) 30 мандатты иеленіп, елдің саяси өмірінде елеулі рөл атқаруға үміттенді. Алайда, бұл – сәттіліктің сыртқы бейнесі ғана еді. Шын мәнісінде, ДСП жағдайы ауыр болды. 10 жыл ішінде мүшелерінің саны 285 мыңнан 90 мыңға дейін азайды, ал Батыста қолдау көрсеткен адам саны 5 мың ғана болды. Сонымен қатар, ДСП қартаю қаупін бастан кешіруде, өйткені оның СКАЧАТЬ