.
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу - страница 21

Название:

Автор:

Издательство:

Жанр:

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ әскери қызметтен бас тарту құқымен қамтамасыз ету, жекеменшікке қол сұқпау және т.б. құқықтар сақталған. Сондай-ақ теңдік құқы да айқындалған. Яғни ешкімді де, оның жынысына, шыққан тегіне, тіліне, дініне, шыққан отанына, наным-сеніміне және саяси көзқарасына сай бөліп, жеңілдік жасамау, барлық адамдар заң алдында тең екендігі белгіленеді. Әйел теңдігін де атап өткен. Тек азаматтық құқыққа келетін болсақ, ол негізінен неміс ұлтына ғана бағытталған. Бұл – саяси өмірге қатысуға лайықты саяси құқықтар, одақтар мен қоғамдастық құру құқы, Германия Федеративтік Республикасына неміс ұлтының еркін кіруі, сайлау құқына ие болуы, неміс азаматтарын еріксіз қайтаруға тыйым салу. Ең соңында, Конституция барлық немістерге бірыңғай деңгейде ресми қызметке орналасуға мүмкіндік жасауға кепілдік береді.

      Неміс конституциясы шетелдік саяси қудаланған азаматтарға саяси баспана беру құқын ең алғаш рет осы заңда белгіледі.

      Негізгі заң бойынша мемлекеттік құрылыстың бес парқы айқындалған: Германия – республикалық және демократиялық, федералдық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

      Мемлекеттің республикалық нысаны – оның атынан-ақ белгілі – «Германия Федеративтік Республикасы». Мемлекет басшысы – сайланбалы федералды президент.

      Ал демократиялық мемлекеттік негізіне – халықтық егемендік қағидасы жатыр. Конституция бойынша билік халықта. Мемлекеттік билік халық жағынан қолдау тауып, мойындалуға тиіс. Сайлау кезеңінде халық тікелей қатысып, мемлекеттік билікке ықпал етсе, сайлаудан тыс кезеңде «арнайы органдар» арқылы, яғни заң шығару, атқару үкіметі мен әділ сот арқылы билік жасалады. Федерацияның аумақтық құрылымын өзгерту қажет болған жағдайда халық референдум арқылы немесе халықтық ұсыныс арқылы ықпал етуінің Негізгі заңда көрсетілуі, тікелей демократияның мәні. Сондай-ақ қандай да саяси партиялар демократиялық құрылымды өзгертуге талпынса, конституция негізінде Федералды сот бұған тыйым салу мүмкіндігіне ие.

      Федералды мемлекеттің конституциялық қағидасы дегеніміз – мемлекеттікке тек федерация ғана емес, сондай-ақ әрбір федералды жерлерде ие. Олардың әрқайсысы кейбір салаларда шектеулікте болса да, өзіндік егеменді билікке, өз заң шығару, атқару үкіметімен қатар әділ сот жүйесіне ие.

      Құқықтық мемлекет парқының негізі- Негізгі заңда белгіленгендей үкіметтік биліктің (заң шығару, атқару, әділ сот) бөлінуі. Құқықтық мемлекеттің екінші елеулі қағидасы мемлекет жағынан жасалынатын барлық іс- қимыл тек заң шеңберінде ғана болуы. Яғни атқарушы үкімет ешқандай құқықты бұзуға тиіс емес, ең алдымен, конституция мен заңдарды. Мемлекеттік биліктің іс-қимылы тәуелсіз соттар арқылы бақылауға алынып отырады (азаматтардың өтініші бойынша).

      Мемлекет әлеуметтік тұрғыдан әлсіздерге көмектесуге, қорғауға, қамқорлыққа алуға міндетті. Сондай-ақ мемлекет қарттарды, мүгедектерді, ауруларды СКАЧАТЬ