Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 5

СКАЧАТЬ жасасақ сіз де, мен де қателесеміз.

      Карбышев көкейінде казактар сұрап отырған аттар тұр еді, содан кейін бұған қарсы сөз айтқан жоқ. Шоң болыстармен бірге кеткен. Қастарына орыс-казагы мен татар тілмаш бар, олар тауға қарай өрмелей жүріп кеткен. Әлгінде Шоңның орысша білетінін біліп алған казак-орыс Шоңға ғана назар аударып:

      – Мына тау қойнауында бір бай киргиз тұрады. Соның үйіне алып барамыз. – Алдында генералға Шоңның біз қазақпыз деген сөзіне намыстанып, казак-орыс кеуделі сөйлеп кете жатты. Казак-орыстардың мінезін білетін Шоң оған онша мән бермеді.

      Біраздан соң ағаш арасынан екі қазақ қарсы жолықты. Оларға ай-шай жоқ, татар тілмаш ұрса бастады:

      – Сіздерге айтылды ғой, неге келіп мына туысқандарды қарсы алмайсыздар? – Оңың мына сөзіне әлгі екі қазақ сасып қалғандай.

      – Сен кеше өзің жөндеп айтпадың ғой. Біз қонақтар қашан келетінін білгенде ертерек келетін едік. Және қазақтар деген жоқсың, киргиздар дедіңдер. Түсінбей қалдық.

      – Сендер қашан казак болып едіңдер. Казак мынау. – Қасындағы казак-орысты көрсетті.

      Шоң бұл жақтағы қазақтардың жағдайы өздерінен де жаман екенін білді. Сол арада әлгі татар Арқадағы орыстар тәрізді мыналарды да орысшалап боқтап жіберді. Шоң татарда мына қазақтарды бір басыну бар екенін сезе қалды. Шоң даусын көтере татарша сөйледі:

      – Әй, татар, сен мына кісілерге не айтып тұрсың? Бұлардың жасы сенен үлкен. Сен өзің кімсің?

      – Мен православпын.

      – Жоқ, сенің арғы тегің мұсылман. Мұсылман үлкен адамдарды боқтай ма екен?

      – Мен бала күнімнен православ болғамын.

      – Сені зорлап кіргізді ме, әлде өзің кірдің бе?

      – Мені ешкім зорлаған жоқ. Өзім кірдім. Өйткені, орыс дінінің мұсылман дінінен артықшылығы көп.

      – Діннен діннің артықшылығы жоқ. Олай дейтінім, Құдай біреу. – Шоң оған сен дінді ғана емес, халқыңды да сатып отырсың деп айтпақшы болды да, бірақ айтпады. Оны айтса ол губернатор құлағына жеткізіп, оның арты үлкен әңгіме болатынын біліп келе жатыр еді. Татар Шоңның әлгі сөзін жақтырмай, дін туралы біраз әңгіме туындатқысы келіп еді, алайда Шоң оған басқаша сұрақ койды:

      – Сен әке-шешеңді жақсы көресің бе?

      – Неге жақсы көрмеймін? Олар мені осы дүниеге әкелді ғой.

      – Олар православ па, әлде мұсылман ба?

      – Мен орыстан әйел алдым да, солардың дініне кірдім.

      – Ендеше ойлан, – деді. Бұл сөздің бәрін қасындағы казак-орыс білмесін деген оймен татарша айтып келе жатқан болатын.

      Татар Шоңның бұл сөзіне жауап берген жоқ. Шоң оған айтқан, «Құдай біреу екенін айтып отырмын ғой, бір діннен екіншісіне ауысып кеткен адамды Құдай да жақтырмайды».

      Татар ашуланып қалды да:

      – Сен немене, Құдаймен сөйлесіп көрдің бе?

      – Дін кітаптарында солай жазылған. Әрбір адам әке-шешесінің дініне берік болуы керек көрінеді.

      – Білмейсің, СКАЧАТЬ