Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
Бұдан кейін Карбышев үндеген жоқ. Қайта айналып ескертіш туралы ештеңе айтпады.
Ағыбай аулынан шыққан соң олар Балқаш көлінің батыс жағынан айналып, содан еш жерге тоқтамастан кешке дейін жүрді. Күн бата бір ауылға келіп тоқтады. Бұлар Албандар екен. Олар Орта жүздің болыстарын куана қарсы алды. Орта жүздің қазақтары екенсіздер ғой деп, нағыз туысқан екендіктерін айтып, ішкі көңілкүйлерін сыртқа шығарып білдіріп жатты.
Ертеңіне ұйқыларын қандырып әрі қарай жүріп кеткен. Жол бойы желе жортып келе жатты. Жол бастап келе жатқан орыс айтқан, амандық болса екі күннен кейін Верныйға жетеміз деп. Мына болыстар келгенше сол болып қалды. Біз, жалпы, кешігіп шықтық. Кешке Верныйда болуымыз керек еді. Генерал-губернатор бізден бұрын келсе ренжіп жатқан болар. Содан тоқтаусыз жүріп, тек екі жерде ғана санаулы минут тоқтап, шөлдерін қандыруға Албандар үйлерінен қымыз ішкендері болмаса, тез жүріспен жүріп келе жатты. Тек ымырт жабылып, әбден түн болғанда кешегідей бір Албандардың үйіне келіп аттың басын тартқан еді. Шоңның байқағаны бұл жақтың қазақтары әлдеқайда бауырмал екен. Жандары қалмай бұлар да құлай күтті. Арада екі күн өтті. Келесі күні тағы ерте тұрып сәл жүрген соң түс ауа Алатау мұнартып көріне бастады. Жақындаған сайын тіптен алыстай берді. Тау басы аппақ қар екеніне көздері жетті. Тау басында шілде айында жатқан қарды көрген орта жүз қазақтары таң қалып келеді. Тауға өрлей жүріп ақыры бесіндіктен асқан шақта бұлар ағаштан салынған әдемі үйдің қасына келіп тоқтады.
Есік алдында бір топ казак-орыстар, бір генерал тұр екен. Карбышев елден бұрын аттан түсіп, тез барып генералға қол беріп амандасты. Екеуі біраз сөйлесіп қалды. Болыстар анадай жерде олардан бір сөз күткендей болып ат үстінде шоғырланып аулақтау тұрған. Біраздан соң Карбышев болыстар қасына келіп сөз бастаған еді:
– Неге тұрсыңдар. Аттан түсіңдер! – деді.
Бәрі аттан түскен еді. Болыстар барып, Карбышевтің айтуымен, генералға сәлем берді. Шоң генралдың тәкаппарлау екенін байқап қалған. Шоң орысша сөйлеп сәлем берді. Ол Шоңның орысша сөйлегеніне таң қалғандай қолын алды. Содан кейін сұрған:
– Сіз төресіз бе, әлде татарсыз ба?
– Жоқ, мен қазақпын!
– Сіз қалай, қазақ боласыз, түріңіз қазаққа ұқсамайды ғой.
– Біздің жақта тұратындардың бәрінің түрі маған ұқсас. Олар өздерін қазақпыз дейді.
– Оларыңыз қызық екен. Нағыз казак мына тұрған кісі. – Қасында тұрған казак-орысты көрсетті.
Шоң бұл жақта да саясатта да ешқандай өзгеріс жоқ екенін, мұнда СКАЧАТЬ