Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
– Сіз білесіз де, бір кезде сіздерді қыпшақ деп атаған. Қыпшақтың жері қай жер екенін білесіз бе? Олардың жері Байқал жақта болған. Ал бұл жер казактардікі…
Шоң мына генералдың тарихтан сауаты жоқ екенін, бірақ әлгі шатасуды әдейі жасап отырғанын білді. Содан кейін айтқан:
– Байқал бойы да, бұл ара да қазақтардікі. Сіздер өздеріңізді көрші жатқан казактарға қарап қазақпыз деп жүрсіздер. Біздің халықтың аты үш-төрт рет өзгерген. Сіз айтқан Қыпшақ кейін қазақ атанған. Бертінде қазақ сөзін бұл кісілер бізден алған болуы керек. – Шоң алдындағы сөзді генерал саясатқа беріліп айтып тұрғанын білді, содан кейін осылай айтып тұр еді. Мұнымен оны жеңе алмайтынын Шоң түсініп, – мен сізбен дауласпаймын. Түбінде тарихшылар қайта зерттеп айтар, – деді.
– Дұрыс айтасыз, тарихшылар дәлелдейді. Мен сізге тағы бір сұрақ бергім келіп тұр. Сіз бұл араны киргиздар жері деп отырсыз. Олар ұзақ уақыт осы арада тұрса мына тау басында неге қар жатыр білесіз бе? Ал біздің казактар біледі. Оның себебі неде деп ойлайсыз? – деп, Шоңға сұрақ қойған. Бұл Колпаковский жергілікті халықтың қаншалықты сауаты барын білу үшін, бұл жердің казактар жері екенін мойындату үшін осындай сұрақ қоятын.
– Генерал мырза, бұл таудың басында қар жататын себебі, онда ауа жоқ. Болса да аз, Қар ауа арқылы ериді. Ауа аз болған соң ерімей жатыр.
Мына адамның бірден жауап бергеніне генерал таң қалды. Содан кейін сұраған еді:
– Сіз бұл жаңалықты қай орыстың кітабынан оқыдыңыз?
Орысша біліп тұрғанына қарағанда орыс кітабынан оқыды ғой деп ойлаған еді генерал. Онда айтар сөздері бар еді. Шоң басқаша сөйледі:
– Жоқ, мен бұл жаңалықты шығыстың ғалымы Дулати деген адамның кітабынан оқыдым.
Ал шындығында оңтүстікте тау басында қар жататынының себебін сонау бала кезінде бабасы Жанкелдінің аузынан естіген еді. Ол кісі Бұхар, Хиуа базарларына барып жүргенде, жаз айларында тау басында жатқан қарға қатты мән берген болуы керек, сол жақтың білетіндерінен сұраған екен. Шоңның айтып тұрғаны сол еді. Әдейі мына генерал алдында түрік тілдес ғалымдардың беделін түсірмеу үшін Дулати есімін атаған болатын.
Генерал таң қалып, шығыс ғалымдары да осындай жағдайды біледі екен-ау деп ойланып қалды. Енді әлгіндей сұрақ бергеніне өкініп қалғандай болды. Өз беделін өзі түсіріп алғандай көрінді оған.
– Кыпшақтар болыңыздар, енді казак дегенді қойыңыз, – деді Колпаковский сөзін сонда да тағы қайталап.
Шоң пәлен ғасырдан қазақ атанып келіп, енді кыпшаққа көшу оңай болмайтынын айтып еді, оған мән бермегендей Колпаковский казак мынау деп, қасында тұрған казакты қайыра көрсетті.
– Нағыз казак мынау. Міне, бұлар өз жеріне көшіп келіп жатыр. Сіз енді өзгелерді казак дегенді қойыңыз. Онда заң алдында жауап бересіз.
– Орыс заңында казак туралы заң жоқ қой…
– Болмаса, қажет етсеңдер, болады. Сонда сіздер казактардың мұнда көшіп келгенін ұнатпайсыздар ма?
Шоң СКАЧАТЬ