Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
Таң алдына Наурызбай да сиреп қалған әскерімен жетті. Біреулер оған ағасының тұтқынға түсіп қалғанын хабарлапты. Наурызбай көзсіз батыр еді. Таң алдында қырғыздарға қарай шапқан. Орман манаптың үлкен қолы да оны күтіп тұр екен. Оған да тұзақ тастап, тұтқындап алыпты.
Басшысы жоқ әскерде күш-қайрат болмай ма, есіміз шығып кеткендей болды. Күн шыға қалған әскерлер қайыра айқасқа шығып еді. Орыстар от қаруымен қайта атуды бастады. Енді соғысу емес, аман қалуды ойладық. Сай-саланы паналап, әркім өзі камымен кетті. Біраз адамдар Орман манап әскерімен араласып кетіп, жанын сақтады. Орман манаптың әскерлері енді бізден ешкандай қайран жоқ екенін біліп, Пішпек жаққа шегініп кетті.
Енді Ағыбай бастаған әскер басшылары Кенесары мен Наурызбайды құтқарудың жолын ойластырып, жеңілгенімізді мойындап, Орман манапқа адамдар жібердік. Ондағы ойлары ханды қайтарып алмақ еді. Ағыбай бастаған әскер басшылары келіссөзге қырғыздарға адам жіберді. Солардың арасында ол кезде жас кезім, мен де бардым.
Қырғыздар арасында бізді жақтайтын адамдар бар еді. Соларға келдік. Солармен бірігіп, Орман манапқа кісі жібердік. Ол өзі келмеді. Қасында жүрген адамдардың біреуін жіберіпті. Олар айтқан: «Ағайынды екеуіне де оқ тиген екен, екеуі де сол арада қайтыс болды». Біз оған сене қоймадық. Ақыры болмаған соң айттық, олай болса сүйегін беріңдер дедік.
Олар ертең бүрсікүнімен соза берді. Олардың мұнысы қулық екенін түсіндік. Ақыры бізге сыбыс хабар келді. Қенесары да, Наурызбай да тірі екен деген сөз жетті. Қырғыздар бір мәмілеге келер деген оймен жата бердік. Арада біраз уақыт өткен соң, Кенесарының басын кесіп, орыстарға бергені туралы сөз жетті. Оған да сене қоймадық. Оның басын орыстарға қалай береді. Бұның СКАЧАТЬ