Название: Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Жанр: Историческая литература
isbn: 9785005549495
isbn:
Күн де жақсы еді. Жауын жоқ, бір тамаша күн болатын. Дастархан сыртта, киіз үй қасында жасалды. Қазақтардың ежелгі әдеті бойынша қонақтар да, қарсы алушылар да сөзге беріліп кетті. Арқаның қай руларынан екенін сұрап жатты. Қарға тамырлы қазақ қой, бұл жақтан да туыстар табылып жатты. Талай әңгіменің беті қайрылды.
Шоң отырып әңгіме төркінін Кенесарыға ауыстырды. Елде жүргенде естіген: Ұлы жүздің рулары толық қолдамай, Кенесарының қырғыздардан жеңілуінің бір сыры сонда жатқанын қайтып келгендердің аузынан естіген еді. Шоң Кенесары туралы сөз қозғағаны сол еді, болыс отырып ренжи сөйледі:
– Ол туралы айтпаңыздар. Орыс бастықтары естісе, пәле қылады!
Оның сөзін қостағандай етіп бір би:
– Ол Абылай тұқымының бізге жасамағаны жоқ. Осында малдарымызға дейін тартып алды. Оған қалай көмектесеміз?!
Шоң Арқа қазақтарына жасағанын бұларға да жасаған екен ғой деп ойлады. Әңгіме өз көңілдегісіндей жақсы әңгіме болмайтынын түсініп, содан кейін тақырыпты басқаға ауыстырып кетпекші болып еді, Арқадан келген бір болыс:
– Біз сонау жақтан келдік. Ағаларымыздың, туысқандардың жатқан жерін көріп, топырағынан алып, құлшылық етуге болмай ма?
Шоң болыстың сөзін қостағандай етіп, ауылдың бір кәрі биіне арнап сөйледі:
– Ағасы, оның бізге де жасағаны аз емес. Көп ауылдың малдарын айдап әкетіп, талайдың шаңырағын ортасына түсірген. Талай адам өлді. Оның басты мақсаты орыстарды ортамызға жібермеу еді. Жалпы, біздің мақсатымыз бір еді, қазақтың өз алдына ел болуын ойлады ғой ол. Бір де біріміз негізгі мақсатты түсінбей қалдық. Содан кейін әлгіндей жайға ұшырадық.
– Бауырым, бұл айтқаның дұрыс қой. Бірақ құстың екі қанатының біріндей болып отырған қырғыздардан алыстап кеттік. Сол Кенесары соғысының кесірінен талай қырғыздар бізге берген қыздарын алып кетті. Екі халық арасында араздық салып кетті.
– Сіздер қырғыздарға жақын отырсыздар. Араға түсіп екі жаққа делдал болмайсыздар ма? Ағайын-туыс болып отырдық дейсіздер. Қырғыздарға орыстан қазақ жақын. Соны естеріне салмадыңдар ма? Бұл арада екі жақтан да қателік бар, соны ұмытпаңыз. Соның ақыры соғысқа алып барды қырғыздармен. Енді сол орыстарды жақтап, олардың жерінде орыстар бекет салып жатқан көрінеді. Біз киген қамытты олар да киеді, – деді Шоң.
Оны түсінетін де, түсінбейтін де бар қырғыздар арасында, бізге қазақтан гөрі орыс дұрыс деп жүрген қырғыздар сөзін естіп едік, солар соғыстың ашылуына себепкер болды деді жергілікті би отырып.
– Оның нәтижесін кейін көреді. Орыс ешқашан қазақтың да, қырғыздың да ел болып отырғанын қаламайды.
Бұл әңгіме Шапыраштылардың болыс, билерімен оңаша болған еді. Бұл СКАЧАТЬ