Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 13

СКАЧАТЬ соң айтып отырмыз, – деді Шоң.

      Генерал бұл сөзге сенгендей. Ашуы сәл басылғандай. Оның да ойланып тұрғаны шын еді, ертеңгі күні жүйрік алуға барғанда ренжіп келсе, бұл болыстар айтқанымды орындамай, сөздерінде тұрмауы мүмкін. Түкке тұрмайтын бұлардың тілегін орындамаса мына сауатты киргиз жоғары жаққа жазып, ана патша маңындағылар ренжитінін білді. Содан кейін бұлардың сөзін мақұлдағандай етіп сөйледі.

      – Олай болса болады, – деді де қасында тұрған орыс-казак пен татар тілмашына, – сендер де бірге барасыңдар, – деді. Ана киргиздармен бұл киргиздар тіл табысып кете ме деп ойлап, қорқып тұрған генерал. Бұл өзінше сақтығы еді.

      Шоңның ойы оларды апармау еді. Ақыл айтып, істеріне араласып отыратынын біліп алған. Бірақ оған генерал көнбейтін түр көрсетті. Содан кейін қарсы сөз айтқан жоқ. Бәрі қайыра әлгі Шапыраштылар аулына келді. Келе жатқанда Шоң орыстан сұрады:

      – Генерал орыс па, казак па?

      – Герасим Алексеевич – казак. Бізді басқаруға орыстардың шамасы келмейді.

      Шоңның ендеше орыстарға неге бағынып отырсыздар деп айтқысы келіп еді, бірақ оның арты үлкен әңгіме болатынын біліп үндемей қалды. Шапыраштар орыстардың бастығы бұларға рұқсат бермейді деп отырған өздерінше. Енді басқаша сөйледі, ашығын айтқан:

      – Біз сан ғасырдан бері қырғыздармен құдандалы, туыс болып келе жатқан адамдармыз. Біздер сіздердің бұларыңызды қаламаймыз. Бармай-ақ қойыңыздар. Олардың ашуының үстіне ашу қосасыңдар, – деді Шапыраштардың үлкені.

      – Біз олармен жанжал шығарып, дауласуға бара жатқанымыз жоқ. Керісінше, сіз бен оларды жақындастырып кетеміз, – деді Шоң.

      Ел ақсақалы бұл сөзге сенерін, не сенбесін білмеді. Содан кейін айтқан:

      – Біз бармаймыз, өздерің барып қайтыңдар.

      Болыс та әлгі ақсақалдың сөзін қостағандай етіп сөйледі. Бірақ бірнеше қой тегін берген. «Біз осы жақта қалатын адамдармыз, бізге ана орыстар маза бермейді. Сіздермен бара алмаймыз» – деп ашық айтқан.

      Шоңдар соғыстың болған жерін білмейтін. Содан кейін казак пен татар тілмашынан сұрап еді, олар да шыны ма, әлде өтірігі ме, білмейміз деді. Шоң енді сасайын деді. Генералға барғандардың талабының бәрі босқа кеткендей болды. Содан Кенесары соғысы болған жерді көрсететін адам табылмай тұрғанда, бұлар келгенде сөзге қатысып отырған жігіт айтқан:

      – Ешкім көрсетпесе көрсетпесін, менің әкем көрсетеді, – деді.

      – Әй, төре, сен жайыңа отыр. Бұлар ертең кететін адам, сен қаласың! -деді болыс.

      – Мен айдатып жіберсеңдер де көрсетпеймін, білмеймін. Әкем біледі. – Шоңдарды ауылдың шетіне таман тұрған үйге ертіп апарды. Төр алдында тоқсаннан асқан адам жатыр. Баласы үйге кірген соң оның құлағына аузын жақындатып дауыстап айтқан еді.

      Ол басын көтерді де, ақырын аяғын басып орнынан тұрды. Қасына келген Шоңды құшақтай алды. Жылап жіберді. Арқаның қазағын көретін күн де болады екен-ау… Біраз жылап алып дұрыс сөзге көшті.

      – Сендер СКАЧАТЬ