Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 23

СКАЧАТЬ асылып өлерсің. Менің өсиетім, соңғы ақылым осы».

      Көп ұзамай әкесі қайтыс болады. Жігіт әкесінің тірнектеп жиған дүниесін шашуға кіріседі. Күнде той, күнде думан. Қанша мал болса да бей-берекет жұмсалған байлық ақыры таусылады. Не керек дос, жолдас болып жүргендер сырт айналып кетеді. Әйелі мен баласы күн көре алмаған соң, өз әке-шешесінің үйіне барып сағалайды. Не істерін білмеген жігіт өмірден түңіледі. Сол кезде әкесінің баяғыда айтқан ақылы, ең соңғы өсиеті есіне түседі. «Қой, былай қор болғанымша, асылып өлейін», – дейді. Арқан алып, әкесі дайындап кеткен ағашқа арқанды байлап, мойнына салып, өзін төмен тастап жібергенде, ағаш морт сыныпты. Сонда ағаштың арасынан алтын ақшалар сауылдап төгіліпті. Сөйтсе, әкесі өлердің алдында ағаштың ішіне көп ақша тығып, оның арасын білдірмей аралап қойған екен.

      Одан кейін жігіт өз қателігін түсініпті. Дүниені босқа шашқанын қойып, жұмыс істеп, еңбек етіп, бай-бақуат, дәулетті өмір кешіпті.

      Әке ақылы – өмірлік тәжірбиеден өткен, көрген-түйгені мол ақыл. Әке ақылы адастырмайды, адасқанды түзу жолға салады. Сондықтан балалардың әке ақылын тыңдап өскені жөн.

      ӘКЕ БАЛАҒА СЫНШЫ

      «Тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай» бағып-қағып өсірген балаларының мінез-қасиеттері әкеге бес саусағындай белгілі. Бұл – дәлелденбейтін қағида. Олай болса, әке сол мінез-қасиеттеріне қарап, қай баласының қандай шаруа, іске икемді, қандай өнер-білімге бейім екенін де алдын ала бағамдап, дұрыс сын-баға бере алады. Әкенің балаға сыншы болатыны да сондықтан.

      Қыстау қораға көшуге әлі ерте деп жайлаудан күзеуге жұрт аударып қонған мал баққан қазақ ауылының қынаулы отыны сиырдың қу жапасы да, тамызығы қурай, көкпек, қоңыр жусан тағы басқа ғой. Жауын-шашын жиілеген шақта бұндай «жалпылдақ отын» өз-өзінен ылғал тартып, қазандық астында маздап жана қоймайды. «Ашқа тартқан кешке тартып» дегендей, үй іші телміріп, астың пісуін, қазанның түсуін күтіп отырған сондай күндердің бірінде бір үйлі жанның анасы балаларының біреуіне «Қазан қайнады ма екен, қарап келші!» – депті. Сонда әкесі тұрып: «Жоқ, ол емес, анау қарап келсін!» – десе керек, басқа баласын нұсқап. Бұның себебін түсінбей аңырып қалған әйеліне үй иесі: «Ақылды балам астына қарайды, ақымақ балам үстіне қарайды!» – деген екен. Себебі, баланың біреуі қазанның тек қақпағын ғана ашып қарап келеді екен де, екіншісі қазан қайнамай жатса, астындағы отын көсеп, тағы да тезек қалап, әйтеуір қазанды қайнатып келеді екен. «Әке балаға сыншы» деген сөз осыдан қалыпты.

      ӘКЕНІҢ КӨҢІЛІ БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ ДАЛАДА

      Бұл мақал көбінесе «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп айтылады. Бала ата-ананың қалауынсыз, рұқсатынсыз іс-қылық көрсеткенде немесе күткен тілек, сенімдерін ақтамаған жағдайда үлкендердің аузына осы нақыл оралады.

      Қалада оқу оқитын баласының аман-саулығын біле келген қария:

      – Балам, көрдің бе, жұрт әне аялдамада да қағаз жазып отыр. Сен ақша керек болып қалғанда болмаса, «қол тимейді» деп, амандығыңды да білдірмейсің. Бәрінен де бұрын СКАЧАТЬ