Название: Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Мифы. Легенды. Эпос
isbn: 9785449876317
isbn:
Алдар мен Түлен мақұл көреді.
– Алдымен қайсымыз мінеміз? – дейді Құлан.
– Сен екеуің шайтан болсаңдар, мен адаммын ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін, – дейді Алдар.
– Жарайды, – дейді ана екеуі.
– Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілейік, – дейді Түлен.
– Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны. Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер, – дейді Алдар.
Түлен мен Құлан мұны да мақұл көреді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді де ыңылдап: «Әләуләй, әләуләй, әләуләй, әриәйдім…» деген өлеңін айтуға кіріседі. Шайтандар «Алдардың өлеңі бір таусылар» деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ Алдардың «әләуләйі» таусылмайды. Әлгілер тағы шаршағасын:
– Осы сенің «әләуләйің» қашан бітеді? – дейді. Сонда Алдар:
– «Әләуләйім» таусылса, «хәләуләй» дегенім тағы бар. Жүре беріңдер! – дейді. Осылайша Алдар шайтандардың ит сілікпесін шығарып, баратын жеріне жетіп алыпты.
ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН
Шойнақ батырдың (ХVIII-ғасырда өмір сүрген) екі қызы болыпты. Солардың біріне Албандар, екіншісіне Дулаттар құда түседі.
Дулат биі Әлшекей құдалық жолын жасау орнына көп әскер әкеліп қыр көрсетіп, Шойнақтың ауылы маңына келіп, кернейлетіп, сырнайлатып жатып алады. Бұған ызаланған Шойнақ майдан ашайын десе, елден ұялып, Әлпеш деген жеңгесін Әлшекейге жібереді.
– Әлшекейге баршы. Жолын істемей, алшаңдап бұл не жатысы? Хабарын әкел, – дейді.
Әлпеш сәңқой әйел екен. Ол басқаны қойып, тіпті атының аяғына да білезік салғызып, жүреді екен. Ол биге келіп, аттан түспей:
– Уа, Әлшекей, әкең ұл болып, шешең қыз болып көрмеді ме? Бұл не жатысың? Жолың қайда? – деп айқай салады.
Шойнақтың жеңгесі астына мінген атының төрт аяғына түгел алтын білезік салып келіп тұрғанын көрген Әлшекей «бұлардан біз кем бе едік?» деп намыстанып, Әлпешті бар сыр-сипатымен күтіп алып, құдалық жолын екі-үш есе істеп, Әлпештің атының мойнына да білезік салып, құрметтеп аттандырыпты. Ел аузындағы «Әлшекейдің Әлпешке салған білезігіндей екен» деген әңгіме осыдан қалса керек.
Ұсынылған не, сыйланған заттың елден ерекшелігін, қораш немесе епетейсіздігін күлкі етіп сынаған жағдайда айтады.
ӘЛІ АУЫ МЕН БАУЫ БАР
«Еш нәрсе бітірмей, құр далбаңдап жүрміз, негізгі іс әлі алда» деген мағынада айтылады.
Ертеде бір арсың-гүрсің олақ әйел болыпты. Ол бірде көршісімен әңгімелесіп отырып:
Алты күн болды, дамбал тігіп жатырмын. Әлі ауы мен бауы бар. Желмін бе, құзбын ба? – деп бөсіпті.
Алты күн дегенде «әлі ауы мен бауы бар болса», сонда ол не бітірген?!
ӘЛІ НЕСІН КӨРІПСІҢ,
ҚЫЛ ТАҚҚАН СОҢ ҚАҢҚЫЛДАР
«Бұл – СКАЧАТЬ