Название: Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Жанр: Мифы. Легенды. Эпос
isbn: 9785449876317
isbn:
– Бақ қарамаса, мен дарымаймын. Бүгін бақтың көзі қырдың басында тұрған қызға түсті. Сендер бақтың киімін қомсынбай, соған жақындағанда, мен сендерге назар салар едім, – дейді де, Бақ екеуі көзден ғайып болады.
Бақ қарап, Қыдыр дарыған кемтар қыз ауруынан сол сәтте сауығады. Артынша тұрмысқа шығып, үйлі-баранды болған екен. Алла бір басына жететін дәулет беріп, мұратына жетіпті.
Ел арасында «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген тәмсіл осыдан қалған екен.
Бата, тілек құрамында көп кездеседі, ырыс-несібелі, бай-дәулетті, жолың болсын, мақсат-мұратыңа жет деген жақсы лебіздердің жиынтық-түйіні іспетті.
БАЛА ӨСІРСЕҢ, ШАЛА ӨСІРМЕ
Баланы ешкімнен кем қылмай ішіндіріп, киіндіріп, тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай, мәпелеп өсіріп келем, енді одан артық не керек деп, оның тәрбиесіне көңіл бөлмейтін немесе немқұрайлы қарайтын ата-аналарға балаңды шала өсірме, оның тәрбиесіне, рухани жан-дүниесіне де ден қой дегенге меңзейді.
Қабыланның* күшігі қызылшақа, әлсіз болып туылыпты. Оны көрген аю, жолбарыстар «Сен бала емес, құбыжық таптың» деп мазақтай беріпті. Аңдардың келемежіне намыстанған қабылан тау шатқалындағы аңойнақтан безіп, мал өрісін сағалап жүреді екен.
Бір күні мал соңында қозысын емірене жалап тұрған қара саулыққа кез келіпті. Құлақтары салпиып, аяқтары маймиып тұрған кішкентай қозыны көрген қабылан:
– Ей, қоңыр қой, момын қой,
Мұндай бала сорың ғой.
Жаламасаң жетпей ме,
Өзі жүріп кетпей ме? —
деп сөгіпті. Сонда қара саулық айтыпты:
– Сылап—сипап қарамасаң,
Жас кезінде жаламасаң,
Еміреніп емізбесең,
Жемге үйретіп жегізбесең,
Бала қайтіп оңады,
Қалай өсіп толады?
Бұл сөзге ойланып қалған қабылан өз басындағы мұңын айтып, қара қойдан ақыл сұрапты.
– Атым – қабылан, затым – аң, атамыз – арыстан, нағашымыз – жолбарыс, ағайынымыз – барыс. Бәріміз де мықты едік. Алайда осы бір балам қортық болып туылды. Мазақтан өлер болдым. Сен адамға жақынсың ғой, бір ақылын айтпайсың ба? – депті.
Қара саулық та қабыланның алғашқы кездегі тәкаппарсына сөйлегеніне қарай:
– Сіздің бойыңыз үлкен болса да, ойыңыз өспеген тәрізді. Баланы табуды білген жан-жануар оны бағып-қағып, мәпелеп өсіруді де білуге міндетті.
«Бала өсірсең, шала өсірме» дейді шопандар. Балам жақсы болып өссін десең, көп жала, көп қара. Көп жаласаң —жүн бітеді, көп қарасаң – сын бітеді. Ең әлсіз де нашар бала – құстардың тұқымы. Олар жұмыртқаның ішінде кілегей уыз болып жатады. Ерінбей шайқап, жалықпай басқан құстар сол шаранадан балапан ұшырады. Мысық екеш мысық СКАЧАТЬ