Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 18

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Ағайынның азғанын

      Өзі білмес, жат білер.

      Қапталдықтың батқанын

      Иесі білмес, ат білер.

      Хан-патшаның азғанын

      Қырағы көзді халық білер.

      Менің кім екенімді білмесең,

      Анау төрде отырған

      Жаңаторы деген қарт білер.

      Сол кезде Наурызбай болыс орнынан ұшып тұрып: – Сіз Досбол шешен екенсіз ғой, қария, кешіріңіз, – деп Досболдың үстіне жанат ішігін жаба бергенде, ішікті серпіп тастап, Досбол: «Мен ат мініп, тон кигелі жүргенім жоқ» деп тағы тақпақтата жөнеледі:

      – Қатқан тонды қартайған

      Бір ғана мен емеспін.

      Бұдан былай кездессе,

      Солармен де кеңескін.

      Атаның болма баласы,

      Халықтың бол данасы, – деп шешен мақтаншақ Наурызбай болысты жиналған халық алдында қатты ұялтқан екен.

      Тек өз қарақан басыңа, отбасыңа ғана емес, ауыл-аймағыңа, ел-жұртыңа да пайдаң тиетіндей азамат бол деген мағынада айтылған.

      АТАНЫҢ АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТКЕН ЖЕР

      БАЛАҒА МИРАС

      Бәйдібек би «Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең шегенде, оның басына тал ек» дейді екен. Малын өргізіп, жайылым іздеген ауылдастарына «Қыстау, қорған салыңдар. Оны тастап кетпеңдер. Оған айналып соғып, қыс қыстап, жаз жайлап жүріңдер. Аттың тұяғы жеткен жер бекер қалмасын. Төбе басына оба үйіп, қада қағып, белгі тастап отырыңдар», – деп өсиет айтатын бопты. Бәйдібек бабаның осы өсиеті бекер емес екен.

      Бір жолы моңғол ма, жоңғар ма, әйтеуір бір елмен шекараға мал жайылымына талас туыпты. Сонда екі елдің ел басшы, ел билері орталарынан кісі шығарып шекараны анықтау үшін жүріп отырып, «Мынау бұлақ кімдікі, мынау құдықты кім қазған, талды кім отырғызған?» десе, Бәйдібек аулының адамдарынікі болып шыға беріпті. «Мынау обаны кім үйген, мынау қаданы кім қаққан?» десе де, Бәйдібек адамдары ие бола беріпті. Айдан-анық, тайға таңба басқандай, белгі-дәлелдерін көріп, даукес елдердің амалы құрыпты. Көнбеске амалы қанша, сол «Бәйдібек қыстауы», «Бәйдібек аулының жайлауы», «Бәйдібек құдығы», «Бәйдібек бұлағы», «Бәйдібек талы» деген жерлерден шекара сызығы тартылып, екі ел шекарасы белгіленіп, жер дауы шешімін тауыпты деседі ел. «Атаның ат тұяғы жеткен жер, балаға мирас» деген осы.

      Кең байтақ еліміздің шекарасын – жауынгер ата-бабаларымыз ақ болаттың жүзімен, найзаның ұшымен қорғап, иелік еткен, өзіне – қоныс, малына жайылым еткен, ат тұяғымен талай шиырлаған жерлер бойынша шегара белгіленген жоқ па. Енді, міне, ұрпағы біз, сол жерлерді мирастықпен иеленіп, тәуелсіз ел болып отырмыз.

      АТАН БОЛСА СОЙЫЛАР,

      АТАМ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР,

      МҰНДАЙ ҚАНСОНАР КҮНДЕ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР

      «Аң дегенде жай адамдар да елең ете қалады. Ал аңшылар аң дегенді естігенде, ішкен асын жерге қойып тыңдайтындар ғой. Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жорытады. Талайы аң аулаудан байиды. Ішіп-жеп, игілігін көреді. СКАЧАТЬ