Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница 9

СКАЧАТЬ аппараттардың рецепторларынан кезеген нерв арқылы ішкі мүшелерге апарады. Бұл жерде соматикалық және интеррецепторлық импульстер бір-бірімен байланысып, ми қыртысының белгілі бір участогына жетеді. Спецификалық ядроларды тітіркендіргенде қозу ми қыртысына 1–6 м/сек жетеді.

      Спецификалық емес ядролар көңіл қою, көңіл бөлу процесінде ұйымдастыруға қатысады. Мұны реформация деп те қарауға болады. Бұл ми қыртысының белсенділігін қысқа уақытқа жоғарылатуға қатысады.

      Таламус зақымдалғанда ми қыртысына келетін импульстер тоқталады. Мұның құрамына сұр төмпешік (серый бугор) гипофиз және мамиллярлы дене жатады.

      Мұнда нейросекретті клеткалар бар, олар: вазопрессин, окситоцин, рилизинг–гормон, т.б. бөледі. Гипоталамус пен гипофиз арасында нервтік және тамыр арқылы байланыс жақсы жетілген.

      Қанда каппилляр торы жақсы жетілген. Ол тасымалдау гипоталамус нервтік жүйе мен эндокриндік жүйенің өзара қарым-қатынасын іске асырады.

Алдыңғы ми. Ми қыртысы асты ядросы

      Алдыңғы миға базалды нерв түйіндері және ми жарты шарлары жатады.

      Базалды нерв түйіндері ядро типтес құрылымдар, олар үлкен ми жарты шарларының ішінде маңдай аймағы мен аралық мидың арасында орналасады. Бұларға жататындар құйрықты ядролар және “қабыршақ”, “жолақты дене” деген жалпы атпен аталады. Осыған байланысты болуы мүмкін. Сұр затты құраушы нерв клеткаларының жиынтығы қабат-қабат болып, бір нерв клеткада екінші ақ зат (талшықтар) орналасып, жолақтанып жатады.

      Солғын шармен қосылып олар миқыртысы ядросының стриопаллидарлық жүйесін құрайды. Бұл жүйе ОНЖ-ның эволюциялық даму процесінде жоғарғы даму деңгейіне дейін көтеріліп, әсіресе рептилияларда, құстарда алдыңғы мидың ең басты негізгі құрылымына айналады.

Мишық

      Сопақша ми мен көпірдің үстінде және мидың жарты шар-ларының артында орналасқан. Эвалюциялық даму жолына қарайтын болсақ, бұл да ертеден пайда болған құрылым деуге болады. Ең алғаш мишық дөңгелек ауыздыларда пайда болған, осыдан бастап барлық омыртқалыларда кеңістіктегі қимыл-қозғалысының дұрыстығын рет-теу қызметі жағынан ұқсас болады.

      Анатомиялық құрылысына көз жіберсек, ол ортаңғы бөлігі – черв, оның екі жағында жарты шарлар және бүйір флоккуляронодуалды бөліктері орналасқан.

       Жүйке жүйесі – бұл организмнің барлық мүшелері мен жүйелері қызметтерін үнемі қоршаған ортамен өзара байланыстыра отырып біріктіруші және үйлестіруші арнайы құрылымдардың жиынтығы.

28ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

       Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) бас миынан және жұлыннан тұрады, ол ағзаның барлық үрдістерін реттейді және адам ағзасындағы барлық жүйелердің басқару орталығы қызметін атқарады.

       Ми қабықшасы бас ми мен жұлынды қоршап тұрады. Олар дәнекерұлпалық құрылымдардан тұрады.

29

      Қабықшалардың сызбанұсқалық көрінісі

СКАЧАТЬ