Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница 8

СКАЧАТЬ – жұқа сына тәрізді ядро немесе Голля, Бурдаха ядролары деп аталады.

      Осы жерде төмен қарай және жоғары жүретін пирамидалық жолдардың қиылысқан, байланысқан жері, олар сына тәрізді шоқтардан (Голля және Бурдаха) реткулярлы формациялардан тұрады.

      Сопақша ми өзінің ядро құрылымдары және ретулярлы торлары арқылы вегетивтік, соматикалық дәм сезу, есту, вестибулярлық рефлекстердің жүруін іске асыруға қатысады.

      Сопақша ми ядроларының ерекшеліктерінің бірі ядроларында біртіндеп қозу процесінің нәтижесінде күрделі рефлекстің іске асуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, асты жұту кезінде бірнеше ет біртіндеп, белгілі бір ретпен жұмыс істейді.

Көпір (Варолий көпірі)

      Көпір сопақша мидан жоғары орналасқан, сезгіштік, өткізгіштік, қозғалғыштық және интегративтік рефректорлық қызмет атқарады.

      Көпірдің құрамына мынадай нервтердің ядролары кіреді – бүру (бет, үшкіл) немесе шеттетпе (отводящий) – улитковый.

      Көпірдің ретикулярлы торы ортаңғы және сопақша ми торларымен жалғасып жатады.

      Көпірдің ең басты құрылымының бірі – мишықтың ортаңғы аяғы. Осы арқылы үлкен ми қыртысы мишықтың жарты шарларымен байланысып, компенсаторлы және морфологиялық қызметті қамтамасыз етеді.

      Көпірдің сезімталдық қызметін қамтамасыз ететін үшкіл және предверно – улитка нервтері. Бұл жерде вестибулярлы тітіркендіргіш жердің тартылыс күшіне және бағытына талдау жасайды.

      Ал үшкіл нерв ядросы сезуді бет еті рецепторынан, бастың алдыңғы шаш бөлігінен, мұрын қуысындағы шырышты қабаттан және ауыздан, тістен, көздің алмасының дәнекер қабығынан (конъектива) қабылдайды.

Ортаңғы ми

      Төрт төмпешіктен және оның аяқтарынан тұрады. Ортаңғы мидағы ең бір ірі ядроларының бірі қызыл ядро, қара зат, көз қимылдатушы және шытырын (блоковидный) нервтерінің ядросы, сонымен бірге торлы формация ядролары бар. Сезімталдық қызметі есту және көру информациясын іске асырады. Өткізгіштік қызметі – осы жерден мидың жоғарғы бөлігін таламус, үлкен ми және мишыққа қарай жоғарғы көтерілуші жол өтеді. Ал төменгі жол сопақша ми жұлынға қарай өтеді. Олар пирамидалық жол, қыртыс көпір, руброретикул спиналды жол.

      Қозғалғыштық қызметі – блок тәрізді нерв, қозғаушы нерв ядросы, қызыл ядро, қара зат ядролары арқылы іске асырылады.

      Қызыл ядро ми аяғының жоғарғы жағында орналасқан үлкен мидың қыртысымен байланысты. Егер қызыл ядро мен сопақша мидың ретикулярлы формациясының арасындағы байланыс бұзылса, еттердің сіресуі (децеребрациялық ригидность) деген құбылыс пайда болады. Былайша айтқанда, жазылғыш еттер стресіп, әсіресе аяқ-қол, мойын, арқа еттері қатып, тонусы күшейеді. Оның басты себебі вестибулярлы ядроның немесе ядро еттерін реттеуін жазылдырғыш мотонейронның активтілігінің әсерінен болады.

      Қызыл ядро үлкен ми қыртысынан алған ақпараттарды төменгі бөлігіне, қыртыс асты ядросына және мишыққа іс-қимыл жасауға дайындал деген ақпаратты және тірек қимыл аппараттарының күйін СКАЧАТЬ