Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница 7

СКАЧАТЬ аккомодация;

      В) пессимум;

      С) абсолюттік рефрактерлік;

      Д) конвергенция;

      Е) реверберация;

      Ж) дивергенция;

      З) доминанта;

      И) парабиоз:

      8. Қозуды тудыратын тітіркендіргіштің ең төменгі күші – бұл:

      А) Пайдалы уақыт.

      В) Хронаксия.

      С) Аккомодация.

      Д) Қозу табалдырығы.

      Е) Лабилдік.

      9. Бір орталықтың қозуының басым болуы:

      А) Реципроктық байланыс.

      В) Соңғы жалпы жол.

      С) Сезіну алқымы.

      Д) Орталық тонус.

      Е) Үстемдік.

      10. Жүйке парабиозы түсіндіріледі:

      А) Лабилділіктің төмендеуімен.

      В) Лабилділіктің жоғарылауымен.

      С) Қозғыштықтың артуымен.

      Д) Лабилділік өзгермеуімен.

      Е) Өткізгіштіктің жоғарылауымен.

      5. ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Орталық нерв жүйесінің эволюциялық дамуы жайлы қысқаша түсінік

      Тірі ағзалардың эволюциялық даму барысында біртіндеп нерв жүйесі күрделене бастады (централизация және цефализация), осыған байланысты олардың мінез-құлықтары да өзгере бастады.

      Нерв жүйесі дамуының кезеңдеріне қозу жіберсек, олардың бірнеше кезеңнен тұратынын байқауға болады. Қарапайымдыларда нерв жүйесі жоқ, бірақ кейбір инфузорияларда клетка ішінде қозғыш фибриллярлы қозғыш аппараттарын кездестіруге болады.

      Организмдердің көп клеткалы түріне өтуіне байланысты нерв жүйесінің біртіндеп күрделене бастағанын байқаймыз. Қозуға қабілеттілігі бар мамандандырылған тканьдер қалыптасады.

      Орыстың атақты физиологы, ғалым И.П.Павловтың айтуынша: “Сыртқы және ішкі ортадағы көптүрлі өзгерістерге әрбір тірі орга-низм табиғаттың бір бөлігі сияқты, белгілі бір оқшауланған жүйе ретінде өзін-өзі тепе-теңдік күйге келтіруге тырысады”.

Жұлын

      Жұлынның құрылымындағы басты бір ерекшелігі оның құрылысы сегмент пішінді бірнеше қайталанып орналасуынан болады, басқаша айтқанда 31-33 сегменттен тұрады. Оның артқы жағынан нерв түбіршелері (тамырына) кіреді, онда артқы түбірше, ал алдыңғы бөлігінен алдыңғы түбірше шығады, сондықтан алдыңғы түбірше деп атайды.

      8 мойын (С1-СVll)

      12 кеуде (Т1-ТXІІ)

      5 белдеме (І1-ІV)

      5 сегіз көз (S1-SV)

      1-3 құйымшақ (Со1-СоІІІ)

      Жұлынның өне бойында екі жерден қалыңдайды немесе жуандайды, біреуі мойын бөлігінде, екіншісі белдемеде. Осы жерде басқа бөліктеріне қарағанда нейрондардың саны өте көп.

Жұлынның рефлекторлық қызметі

      Еттің созылу рефлексі. Егер еттің сіңіріне механикалық соққымен әсер етсе, еттер (созылып) жиырылып қозғалысқа келеді. Мысалы, тізеде тобықтың сіңіріне жайлап соқса, балтыр еті жиырылып, сол аяғымыз қозғалысқа түседі. Бұл жердегі рефлекс доғасы мынадай жолмен жүреді.

      1) Төрт басты ет рецепторы → жұлын түйіні → артқы түбіршек → ІІІ бел сегментінің СКАЧАТЬ