Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов страница 4

СКАЧАТЬ да осы жағдайда гликолиздің ең ақырғы өнімі жүзім қышқылы Н+ ионының қатысуымен сүт қышқылына айналады.

СН3 СОСООН + Н2 → СН3 – СНОН – СООН

      Осы Н+ ионын байланыстырушы оттегі мөлшерінің жетіспеушілігінен болады. Оттегі етке “қарыз” болады.

      Бұл кездегі энергия аз бөлінеді, барлығы 7 %. Сонымен бірге сүт қышқылы өте улы, ағзадан сыртқа шығып отыруы керек. Сондықтан да шаршау болады. Ал ет жұмысын тоқтатқанда немесе азайтқанда ғана, оттегі сүт қышқылын тотықсыздандырып, жартысын гликогенге айналдырады. Осы процесс бауырда жүреді. Осы жерде 1/5 сүт қышқылы толық көмір қышқылына және суға дейін тотығады. Осы реакция кезіндегі бөлінген энергия сүт қышқылының қалған бөлігін глюкозаға айналдыруға жұмсалады. Глюкозаның бір бөлігі етке қайтып келеді, сол жерде ең соңында гликогенге ауысады, қалғаны бауырда гликоген түрінде қорланады.

      Бұлшық ет талшықтарының жиырылу үрдісінде мынадай өзгерістер қалыптасып, алты кезеңнен тұратындығын дәлелдеген.

      А. Электрохимиялық өзгеріс бұл үш кезеңнен тұрады:

      1. Әрекет потенциалының генерациясы;

      2. ӘП-ның Т – жүйесі арқылы таралуы;

      3. Т – жүйеде, саркоплазмалық торда электр тоғының артуы, ферменттердің активтілігінің артуы, инозитол үшфосфаттың қалыптасуы, клетканың ішінде Са++ ионының концентрациясының жоғарылауы.

      Б. Хемомеханикалық өзгеріс (бұл да үш кезеңнен тұрады).

      1. Са++ ионының тропонинмен байланысқа түсуі, актин жіпшесінде акцивті орталықтардың қалыптасуы;

      2. Миозин басының актинмен байланысқа түсуі, миозин басының айналысқа түсіп серпімділігінің дамуы;

      3. Актин және миозин талшықтары бір-біріне қарсы сырғанау арқылы жылжуының нәтижесінде саркомераның арасы тарылып, ет талшығы қысқаруының нәтижесінде қуаты жоғарылайды. Ал енді осы кезеңдерде болатын құбылыстарға толығырақ тоқталайық.

      Еттің қозғалу митонейроны арқылы және ацетилхолин (АХ) медиаторы арқылы етте қозу процесі пайда болады. Ацетилхолиннің ет пластинкасының ұшындағы холинрецепторы мен өзара әсерінен АХ-ге сезімтал каналдарда белсенділік пайда болып, пластинкада әрекет потенциалы 60-мВ-қа дейін көтеріледі. Пайда болған ӘП ет талшығы мен клетка мембранасына жақын шеткі пластинкаға қарай екі жаққа тарайды, жылдамдығы 3-5 м/сек., t 360. Осында ӘП жоғарылап, еттің жиырылуының бірінші кезеңі болып табылады.

       Екінші кезеңде ӘП кезіндегі қозу денеде орналасқан түтікше жүйелері арқылы еттің ішкі жағына қарай таралады, сөйтіп мем-брананың беткейімен еттің жиырылғыш аппараттарымен байланысқа түседі. Т–жүйе саркоплазмалық тордың цистернарларымен бірге көрші екі саркомерамен байланысады. Электроимпульсті байланыс болған жерде ферментті активтендіріп, инозитолүшфосфорды қалыптастырады. Ал бұл фермент өз кезегінде цистерна терминалындағы кальций каналдарын белсендендіріп, Са++ иондарының цистернадан сыртқа шығуына әсерін тигізеді,соның СКАЧАТЬ