Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
– Мен соғыс жылдары Леңгірде республикалық өкілі ретінде айлап жүргенмін. Леңгірді аралағанмын. Ол елдің жігіттері мықты болады, – деп әзілдеп күлді. Сөзінің соңында:
– Саттар Нұрашиевич! Егерде осы жігітті аламын деген шешімге тоқтасаң, Бюроның шешімін дайындатқыз. Мен қол қойып беремін, – деді. Димекеңнен шыққан соң маған: «Бөлімге бара беріңіз, шешімге қол қойылғасын хабарлайды», – деді. Аз уақыт өткенде: «Бекідіңіз, құттықтаймын, бірге жұмыс істейміз» деп қолымды алды. «Жемісті жұмыс істеуіңізге тілектеспін. Шымкентке барып, жұмысыңызды өткізіңіз, 7 сәуір күні таңертең жұмысқа кірісіңіз», – деді. Бұл 1978 жылы сәуірдің үшінші жұлдызы, дүйсенбі күні еді. Шыға сала Өмірбекке хабарластым. Ол тез жетіп, қуанышы қойнына сыймай құттықтап жатыр. Көлікке отырып алып, екеуміз келіп Асқар Қонаевқа сәлем бердік. Қызметімнің ауысқанын айтып содан Шымкентке тартып кеттім. Үйге келдім, бірақ Фарида үйде жоқ болатын. Жалғыз әпкесінің күйеуі қатты ауырып, Мәскеуде ауруханада жатқан еді. Соған кеткен. Үйге ауылдан әкем келген екен. Жасы сексеннен асып қалған. Қызметім ауысып, Алматыға кететінімді айттым. Әбден түсінген соң маған:
– Әлгі сомелетке шығатын қызмет пе? – деп сұрады. Басымды изедім де қойдым. Бірақ сұрағын түсінбедім. Ертеңіне әкемді ауылға апарып, анамның басына барып құран оқыдық. Әкемнің сұрағының мәнісін көп ойлана жүріп, бір күні жауабын тапқандай болдым. Ол сұрауының мәні мынандай болса керек деп шамаладым. «Майда-шүйде қызмет пе? Жоқ, Алматыға үлкен кісілер келгенде аэропортқа шығып, қарсы алатын дәрежедегі лауазым ба?» – дегені екен ғой. Әкем оқымаған, өзінше сауат ашқан адам. Қызметтің аттарын білмейді. Оның дәрежесін әуежайға меймандарды қарсы алу, алмаумен өлшейді екен ғой, жарықтық.
Сонымен, 1978 жылы сәуір айының 7 жұлдызында жаңа қызметіме кірістім. Бірден басыма түскен қиыншылық қағаз дайындаудан шығып қалғаным болды. Ал бөлімнің негізгі қызметі әртүрлі анықтамалар мен талдау қағаздарын жазу екен. Өте қиналып жүрдім. Ректор болып жүргенде, дайындап әкелген қағаздарды қарап шығып, жетіспейтін жерлерін толықтырыңдар деп тапсырма беріп, әбден піскен кезінде қол қойып үйренген басым. Бұл жерде бастан-аяқ өзің дайындауыңа тура келеді. Оның үстіне партиялық стиль дегені бар. Осылайша басым қатты. Ең алғашқы тапсырманы да орындауға тура келді. Оның қалай боп шығатыны тағы уайым. Оның үстіне, бөлімдегілер әрбір қадамыңды қадағалап отыр. Бұл қайдан келді? Жерден шықты ма, жоқ аспаннан түсті ме деушілер де бар. Бір күні партия ұйымының есебіне тұруға парткомның орынбасарына барып едім. «Ал, сіз қай СКАЧАТЬ