Название: Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0541-7
isbn:
– Садуахас, қағаз жазу – тәжірибемен келетін нәрсе, ең керегі мазмұндылығында. Сенің мына жазғаныңда нағыз жанды мәліметтер қойылған. Маған ұнады, – деп мені қолдап қойды. Ішімнен ол кісінің маған жаны ашығанын сездім. Өзі жөндеген күйінде бастырып, ертеңіне А.Г. Коркинге апарып берді.
Ол дүйсенбіде сәуірдің 10 күні жиналыс өткізді. Мені шақырған жоқ. Жандосовтың өзі қатысты. Мәжіліс бітісімен Жандосов маған соғып, дайындаған материалды қолыма ұстатты. Оның әр жері қызыл, қара, көк сиямен сызылып, жандарына белгілер қойылған.
– Сенің материалың А.Г. Коркинге ұнады. Кеңес бітісімен мені шақырып алып: «Маған берген аналитикалық материалдарың өте сапалы екен, саған рақмет», – деді. Мен ол кісіге:
– Бұл талдауды дайындаған мен емес, бөлімге жаңадан Темірбеков деген орынбасар алғанбыз. Бұл соның еңбегі, оған сіздің атыңыздан рақмет айтамын дедім. Соны саған айтқаным.
Біріншісінен өттім. Жұмысқа батылдау кірістім. Қағаздармен алысып, қиналып жүргенімде, бір қызық оқиға болды. Түскі демалыс кезінде тез тамақтанып, поштаның жанындағы орынға барып демалатынмын. Бір күні орындықта отыр едім, қасыма менің жасы үлкен бір кісі келіп жайғасты. Әңгімелесіп қалдық. Ауылшаруашылық министрлігінде бөлім меңгерушісі, өзі Түлкібастық екен». Облыста бірінші бастық болып жүрген азаматты Республиканың бір министрлігіне орынбасар етіп алыпты. Елден келгендер ол азаматқа кіріп, қызметінің өсуімен құттықтайды екен. Ол кісі рақметін айтқанда, елден келгендер «ағай, бізден не жәрдем керек» деп сұрағанда, оның беретін жауабы «маған түскен бір қиындық бар, сол өте ауыр болып жүр, бірақ, оған жәрдем беру сендердің қолдарыңнан келмейді», – дейді екен. Аға, айтыңыз, біз аянбаймыз дегенде: «Мен облыста бастық болып жүргенде, қиғаштап жазуға үйренген екенмін. Ал бұл жерде тура жазу керек екен. Соны үйрене алмай жүрмін депті. Сол сияқты сіз де қиналып жүр екенсіз ғой», – деді.
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ СИМПОЗИУМЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
(Алматы, 1 наурыз 2011 ж.)
Бүгін біздер халқымыздың біртуар ұлы Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың сексен жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Мен Өмірбекпен Шымкент қаласындағы Сыпатаев мектебінде бірге оқып, 1949 жылы бітірдім. Екеуміз айырылмас дос болдық. Достығымыз Өмекең дүниеден өткенге дейін жалғасты. Егіз қозыдай болдық. Мен өзімнің сөзімде осы азаматтың тұлғалық қасиетіне тоқталмақпын.
Мектепте оқып жүрген кезінен оның лидерлік ерекшелігі көзге түсетін, ол жанып тұрған от еді. Өте әділетті болды. Қажет кезде басқаларға қол ұшын созып, нағыз достық көмек көрсететін. Біздер үшін қызықты шараларды ұйымдастырудың шебері болатын. Сондықтан да бәріміз Өмірбектің айналасына топтасып, соның ықпалымен шешім қабылдайтынбыз. Жастар арасында СКАЧАТЬ