Название: Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0187-7
isbn:
Бэла Ахметованың алдында тұрған ендігі ғылыми мақсат та осы көлеңкелер эффектісінің жеке өзіне тән физикалық заңдылықтарын және оны өзге орайларда пайдалануға байланысты туындайтын физикалық заңдылықтарды жан-жақты талдап, зерттеу-тұғын.
Ғылымның бұл жаңа соқпағына Бэла жалғыз шыққан жоқ. Зор көлемді зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге профессор А.Ф. Тулиновтың басшылығымен Бэла Ахметовамен қатар МГУ жанындағы ядролық физика ғылыми-зерттеу институтынан Ю. Меликов, В. Куликаускас, И.Г. Иферов, Г. Похил, Орал политехникалық институтынан А. Пузанов, ядролық зерттеулердің біріккен институтынан С. Карамян сияқты талантты физиктер тобы батыл кірісті.
Сол бір шабытты ойлар жетегінде жүрген шақтар, алғашқы қуаныштар мен қобалжулар, алғашқы протонограмма, алғашқы тұжырымдар оның есінде.
Иә, Бэланың және Тулиновтың өзге де шәкірттерінің еңбегі шынымен таңғаларлық нәтижелер берді. Бірлесе зерттеу, эксперименттер жүргізудің қорытындысында жаңа физикалық тәсіл – протонография қалыптасты. Бұл әдісті физиктер қауымы сол бойда-ақ қуанышпен қабыл алды. Өйткені, протонография әдісі кристалдарды талдап-зерттеуге ұлан-ғайыр жаңа мүмкіндік ашып, олардың бұрын байқауға болмаған ерекшеліктері мен қасиеттерін алақанға жайып салған еді. Бұл әдістің барлық мүмкіндіктерін біржолата ашып-айқындау жұмысы әлі аяқталмағанымен, микроэлектроникаға аса қажетті ерекше жұқа монокристалдық пленкалардың құрылымын зерттеуге, кристалл ұясындағы қоспа атомдардың орналасу орын- дарын анықтауға, сәулелердің өтуі салдарынан кристалдар бойында пайда болатын зардаптар көлемін белгілеуге жол ашуы сияқты кейбір көмегінің өзі ғылым үшін таптырмай- тын жаңалық болатын.
Ядролық микроскоп рөлін атқаратын бұл әдісті физиктер коллективі өздерінің ұстазы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Ф. Тулинов басшылығымен одан әрі жетілдіре түсу жолында. Солай бола тұрғанмен, қазірдің өзінде елімізде де, шетелдерде де ондаған протонографтар жасалып та үлгерді. Оларды лабораторияларда ғылыми-зерттеу жұмысына пайдаланумен қатар өндіріс орындарында кристалдар сапасын жедел анықтау мақсатында да қолдануға болатындықтан себепті таяу мерзімде ядролық микроскоптар елімізде көптеп шығарылмақ.
Әлемдік беделге ие болған зерттеу жұмысын жүргізуге өзінің тікелей қатысып, оның сәтті аяқталуына себепші болуы – Бэла Ахметова үшін үлкен мақтаныш. Бірақ, ұяң мінезді, ілтипаты мол жас ғалым өз ісінен гөрі өз әріптестерінің, жетекшісі Тулиновтың еңбегі жайлы көбірек әңгімелейді. Ал, Бэланың бұл жаңалықты ашудағы қосқан үлесі 1965 жылы «Эксперименттік және теоретикалық физика» журналында жарияланған мақалаларында көпке жете танылып, аталған саладағы жүргізген зерттеу жұмысы бойынша жазған «Протонографияның СКАЧАТЬ