Название: Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0187-7
isbn:
Құттықтаулар да, қошемет сөздер де көп болды. Солардың ішінен оған ең ыстығы, ең қадірлісі анасы Райханның құттықтауы болатын: «Көп жаса, қызым! Өркенің өссін!» деген еді анасы, қуаныштан көзіне жас алып тұрып.
1967 жылы МГУ аспирантурасын бітіріп, Алматыға оралған Бэла Ахметова КазГУ-дың физика факультетіне қайта келді. Бұдан аз жыл ғана бұрын оның аудиторияларында лекция тыңдап отыратын талдырмаш жас қыз бұл жолы аудиторияларда өзі лекция оқу үшін келетін болды. Оның әр лекцияны тартымды етіп өткізуге, ғылым өріне ұмтылған інілері мен сіңілілерін ядролық физика қияларына қанықтыруға білімі де, білігі де жеткілікті еді.
Қазір де радиоактивті сәулелер кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бэла Ахметова осы факультеттің 5-курс студенттеріне нейтрондық физика пәнінен және арнаулы курстардан сабақ береді. Б. Ахметованың Н. Қойшыбаевпен бірігіп жазған «Ұлы есімдер» атты кітабы «Қазақстан» баспасынан жарық көрді.
Біз Бэла Ахметоваға студенттермен практикалық сабағын аяқтап қалған кезінде жолықтық. Орта бойлы, талдырмаш, аққұба өңді, ұяң жүзді жас оқытушыны 5 курс студенттері арасынан ажырату бізге де оңай болмады. Бэла Ахметова өздері ашқан жаңа әдісті жетілдіру жолындағы жұмыстарының барысы, жетекшісінен консультациялар алып тұратындығы жайында әңгімеледі.
Қазір ол өздерінің бұрынғы тақырыптарын одан әрі тереңдей зерттеу мақсатында енді ауыр ядролық бөлшектердің, мысалы протондар мен нейтрондардың, кристалдардан өтуі кезіндегі көлеңкелер эффектісінің заңдылықтарын ашу жұмысымен шұғылданып жүр екен.
Жолдасы Өтеғали Шеденов те экономика ғылымдарының кандидаты. Олардың Ілияс, Назым атты балалары бар.
Бэла 34-ақ жаста. Ол таңдаған ғылыми жолының жемістілігіне өзі шыққан асудан тағы да көз жеткізіп тұр. Бұл биік асу. Бұдан бәрі де анық көрінеді.
ЗОР ҚҰРМЕТ ҰЛЫ МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бэла Ғабдолғалиқызы Ахметовамен редакция қызметкері кездесіп, бірнеше сұрақтар қойған еді. Төменде жас ғалымның жауаптарын жариялап отырмыз.
– Бэла, жас галымнъщ өмір жолы кімді де болса цызыктырады деп ойлаймыз. Сол жайлы аздап әңгімелеп берсеңіз?
– Менің өмір жолымның өз замандастарымның өмір жолынан айырмашылығы жоқ. 1938 жылы осы Алматы қаласында дүниеге келіппін. Семьядағы төрт баланың үлкенімін. Әкем – Ғабдолғали байырғы педагог, қазір құрметті демалыста, анам – Райхан үй шаруасындағы адам. Он жылдық мектепті 1956 жылы бітірдім де, Қазақтың мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне оқуға СКАЧАТЬ