Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ - Коллектив авторов страница 16

СКАЧАТЬ жасадық. Тыңғылықты да, табанды ізденулер үлкен нәтиже берді.

      Соңғы кезге дейін зат структурасын (құрамын) анықтайтын бірден-бір құбылыс толқын дифракциясы деп саналып келді. Бұл құбылыс монокристалдар арқылы гамма сәуле, электрон не нейтрондар өткенде байқалады. Зат атомдарының реттелуіне тек дифракция ғана емес, басқа да құбылыстардың әсері болатындығын А.Ф. Тулинов дәлелдеді. Осындай құбылыстардың бірі – монокристалдар арқылы зарядталған бөлшектердің өтуі кезінде пайда болатын көлеңке эффектісінің мәнісі мынада: белгілі бір процесс кезінде кристалдың тор түйінінен бөлініп шыққан зарядты бөлшектердің жолында «тыйым салынған» бағыттар пайда болады. Яғни, зарядты бөлшектер бұл бағытта әрі қарай қозғала алмайды. Зарядты бөлшектердің басқан ізін, жүрген жолын фотоэмульсияға түсіріп алу арқылы микропроцестердің сыры ашылады. Бұл жерде «осы құбылыстың қандай маңызы бар?» деген заңды сұрақ туады. Біз ашқан көлеңке эффектісінің көмегімен адам көзіне ілінбейтін шағын әлем – микродүниенің кейбір қасиеттері: ядролық реакцияның өту уақыты анықталады, соңдай-ақ қатты дене физикасына байланысты мәселелер зерттеледі.

      Профессор А.Ф. Тулиновтың басшылығымен зерттеу жұмысы Москвада әрі қарай жүргізілуде. Болашақта адамзат игілігі үшін тағы бір үлкен жаңалық түбегейлі ашылады деген үмітіміз зор. Ал, біз де Алматыда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бірақ, мұнда бұл мәселеге байланысты ғылыми базаның жоқтығы біраз қиындықтар туғызуда. Мен өз басым ғылыми жұмысымды одан әрі тереңдете берсем деймін.

      – Өнердің, әсіресе, қай түрі сізге ұнайды? Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Университеттің қоғамдық жұмысына араласасыз ба?

      – Сезімге өз нәзіктігімен әсер етер дүниенің бәрі дерлік ұнайды. Классикалық және лирикалық музыкаларды бар ықыласыммен тыңдаймын. Бала күнімде аздап музыкамен де әуестендім, фортепьянода ойнауды үйрендім, поэзияны да ұнатамын.

      Кейде демалу үшін де уақыт үнемдеуге тура келеді. Ондайда көбінесе театрларға баруды дұрыс көремін, әдеби кітаптар оқимын.

      Университеттің жергілікті комитетінің құрамындамын, студенттермен кураторлық жұмыс жүргіземін. Оған қосымша он адамнан құралған ғылыми топқа жетекшілік етемін.

      – Бэла, сіз өзіңізді ана ретінде қалай сезінесіз?

      – Ана болудан артық бақыт бар ма? Үйде де, түзде де балаларымның есен-сау ер жетуі бір сәтке де есімнен шығып көрген емес. Солармен жүрек лүпілім бірге соғатын сияқты. Мұндайда аяулы ата-анамның өзіме арнаған шексіз махаббатқа толы мейірімді құшағына қайта енгендей боламын. Мен де балаларымды дәл солай, аялап өсіргім келеді.

– Әңгімеңізге көп рақмет, Бэла.«Қазақстан әйелдері» журналы, № 2, 1973 ж.

      ЛАУРЕАТ ПРЕМИИ

У. КАИМИРАСОВ

      В газетах опубликовано постановление ЦК КПСС и Совета Министров СССР о присуждении Государственных премий СССР 1972 года в области науки и техники.

      За СКАЧАТЬ