Название: Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0187-7
isbn:
Ғылыми-зерттеу жұмысына өзін, өз еңбегін арнаған адамдар үшін қойылатын жалпы талаптардың бірсыпырасы осындай. Солай бола тұрғанмен жалпының өзі даралық, ерекшелік арқылы көрінетіні мәлім. Ал, біз әңгіме еткелі отырған Бэла Ғабдолғалиқызы Ахметова жалпы физика-математика, соның ішінде ядролық физика ғылымдары са- ласына өзіндік ерекше із қосқан, өшпес өнеге көрсеткен ғалым. Ол ғылымдағы бәйгеде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дейтіндей үздік үрдіс, шынайы серпіліс танытты. Құрамында сегіз ғалым бар зерттеушілер тобы профессор А.Ф. Тулиновтың басшылық етуімен жүргізген «Монокристалдардағы ядролық реакцияларда көлеңкелер эффектісін ашу мен зерттеу» деп аталатын кешенді жұмыста Бэла Ғабдолғалиқызы ойдағыдай нәтижеге қол жеткізді және солармен бірге ғылымдағы «сегіз серінің» бірі болып, 1972 жылы Кеңес Одағының мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Бұл жөнінен алғанда, тіпті Бэла Әлия мен Мәншүк апаларының аласапыран соғыстағы ерлігін бейбітшілік жағдайда – ғылымда қайталады десек, қателеспейміз. Сондықтан да қазақ халқы Бэланы мақтауға да, Бэламен мақтануға да толықтай құқылы.
Мен Бэланың ғылымда ашқан жаңалығының мазмұнын, мән-жайын ашайын деп отырғаным жоқ. Ол туралы өз кезінде айтылған, жазылған материалдар жоғарыда келтірілді ғой.
Айтайын дегенім, Бэланың ғылыми еңбегінің маңыздылығы, құндылығы мен оның өзінің өмір жолы жайында қысқаша ой тұжырымдау.
Алдымен ХХ ғасырдың бас кезінде ғылыми-философиялық ойлау жүйесінде «Қазіргі физика толғатып жатыр. Ол диалектикалық материализм туады» дейтін көрегендік түсінік пайда болғанына тоқталсақ, осы түсініктің өзінің заңды жалғасын табуы кейінгі жылдары ядролық физика саласында ашылған жаңалықтардан көрінген болатын.
Жаңалықтардың да жаңалығы бар емес пе? Ғылымдағы әр жаңалық – қатыстық (салыстырмалы, біршама, толық емес) ақиқат арқылы абсолюттік (толық) ақиқатқа жету жолындағы қадам. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяқ кезіндегі жарықтың электромагниттік табиғатының айқындалуы, электрон мен радиоактивтіліктің ашылуы сияқты физикаға түбегейлі өзгерістер әкелген аса ірі жаңалықтар Атом теориясының қалыптасуына ықпал жасаған болатын. Бұдан ХХ ғасырдың басында В.И. Ленин «Атом сияқты, электрон да сарқылмайды, табиғат – шексіз» деп қорытынды шығарған еді.
Олай болса, Бэла Ғабдолғалиқызы ядролық физикада ашылған жаңалықтарға үлес қосып қоймай, сол арқылы диалектикалық-материалистік философия материясының шексіздігі, сарқылмайтындығы, оның қаншалықты ұсақ бөлшектерге бөлінгенімен ешқашан да жойылмайтындығы, тек қана бір күйден екінші күйге үздіксіз өзгеріп, құйылып, айналып отыратындығы жайындағы түсініктерін, ғылым дамуындағы үзілместен жүріп, СКАЧАТЬ