Название: Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер)
Автор: Гүлжауһар Көкебaевa
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2120-2
isbn:
Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. Ч. 2. – М., 1926. – С. 178.
1- бап. Уақытша бітім жасалғаннан кейін 6 сағат ішінде құрғақта және әуеде соғыс қимылдарын тоқтату.
2- бап. Басып алынған елдерді – Бельгияны, Францияны, Люксембургты, сонымен қатар Эльзас-Лотарингияны 15 күннің ішінде дереу босату… .
3- бап. Жоғарыда көрсетілген облыстардың барлық тұрғындарын, сонымен қоса аманатқа алынғандарды қайтару.
4- бап. Герман әскерінен мынадай әскери жабдықтар алынады: Уступка Герман әскерінің 5 мың зеңбірек, 25 мың пулемет, 3 мың миномет және 1700 ұшақтар сияқты әскери құралжабдықтарды беруі… .
5- бап. Рейннің сол жағалауындағы жерлерден герман әскерлерінің әкетілуі… .
Құрама Штаттар бұл жерлерге Рейндегі басты өткелдерді (Майнц, Кобленц и Кельн) көпір жанындағы бекіністерімен қоса оң жағалаудағы 30 шақырым мөлшеріндегі ауданды алып тұрған әскерлерді орналастырады… .
7- бап. Көлік, байланыс және су жолы құрал-жабдықтарын бүлдіруге тыйым салу. Одақтастарға 5 мың паровоз, 150 мың вагон және 5 мың жүк машинасын беру… .
10-бап. Одақтастар мен Құрама Штаттардың әскерлеріне жататын барлық соғыс тұтқындарын айыпталғандар мен тексеруде отырғандарды қоса өзара міндеттемесіз дереу қайтару… .
12-бап. Соғысқа дейін Австро-Венгрияның, Румынияның және Түркияның бір бөлігі болған жерлерде тұрған барлық герман әскерлері дереу Германияның жеріне қайтуға тиісті.
Сондай-ақ соғысқа дейін Ресейдің иелігі болған жерлерде тұрған барлық герман әскерлері осы жерлердің ішкі жағдайын ескере отырып, одақтастар уақыты келді деп есептеген кезде дереу Германияның жеріне қайтуға тиісті.
22-бап. Бүгінгі күні әрекет етуші барлық сүңгуір қайықтар (крейсерлер мен мина тасығыштарды қоса) өздерінің қаруларымен және жабдықтарымен тұтастай одақтастар мен Құрама Штаттардың көрсеткен порттарында оларға берілуге тиісті… .
23-бап. Одақтастар мен Құрама Штаттар көрсеткен барлық герман кемелері дереу қарусыздандырылады… .
34-бап. Уақытша бітімнің ұзақтығы ұзарту құқығымен 36 күнге белгіленеді. Осы мерзім ішінде оның шарттары орындалмаса, келісуші жақтардың бірі 48 сағат бұрын хабарлай отырып, келісімнің күшін жоюы мүмкін… .
Международная СКАЧАТЬ