Название: Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер)
Автор: Гүлжауһар Көкебaевa
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2120-2
isbn:
25-бап. Лига мүшелері лайықты рұқсатын алған, денсаулықты жақ-сарту, аурулармен алдын ала күресу және өмірдегі қасіреттерді жеңілдету міндетін иеленген Қызыл Крестің ерікті ұлттық ұйымдарының құрылуын және ынтымақтасуын көтермелеуге және жеңілдетуге міндеттенеді.
27-бап. Германияның шекаралары мынадай түрде анықталатын болды:
1° Бельгиямен:
Үш шекараның – Бельгияның, Нидерландияның және Германияның ортақ пунктінен және оңтүстікке қарай:
Бейтарап Морэнэнің бұрынғы территориясының солтүстік шығыс шекарасы, одан кейін Эйпен аймағының шығыс шекарасы одан кейін Бельгия мен Монжуа аймағының арасындағы шекара, одан кейін Мальмеди аймағының солтүстік шығыс және шығыс шекарасы оның Люксембургпен қиылысқан пунктіне дейін:
2° Люксембургпен:
1914 жылдың 3 тамызына қарайы шекара және оның Францияның 1870 жылғы 18-шілдеге қарайғы шекарасымен қиылысуына дейін.
3° Франциямен:
ІІІ бөлімнің IV бөлімшесінің 48-бабының (Саар Аңғары) қаулыларын сақтай отырып, 1870 жылдың 14 шілдесіне қарайғы шекара Люксембургтан Швейцарияға дейін.
4° Швейцариямен:
Қалыптасқан шекара.
5° Австриямен:
Төменде анықталған 1914 жылдың 3 тамызына қарайғы шекара Швейцариядан Чехословакияға дейін.
6° Чехословакиямен:
Германия мен Австрия арасындағы 1914 жылдың 3 тамызына қарайғы шекара, оның Богемияны Жоғарғы Австрия провинциясынан бөлетін бұрынғы өкімшілік шекарамен қиылысқан жерінен бастап, бұрынғы Австриялық Силезия провинциясының Нейштадтан шығысқа қарай шамамен 8 километр жердегі мүйісінің сол жақ шетіне дейін…
І бөлімше
32-бап. Германия даулы Морэнэ (бейтарап Морэнэ деп аталатын) территориясына тұтастай алғанда Бельгияның егемендігін мойындайды.
34-бап. Германия бұдан басқа тағы да Бельгияның пайдасына Эйпен және Мальмеди аудандарын толық қамтитын территориядағы барлық құқықтары мен құқық негіздерінен бас тартады.
Осы шарт күшіне енгеннен кейінгі алты ай шінде Эйпенде және Мальмедиде Бельгия өкіметі жазбаларды тіркеу жұмысын бастайды, сөйтіп, осы аталған территориялардың тұрғындары осы территорияларды тұтастай немесе бөлшектелген түрде Германия егемендігі қоластында қалдыру туралы өздерінің тілегін жазбаша түрде білдіре алады.
II бөлімше
ЛЮКСЕМБУРГ
40-бап. … Ұлы Люксембург Герцогтағы 1919 жылдың 1-қаңтарынан бастап Герман кедендік одағының құрамынан СКАЧАТЬ