Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 13

СКАЧАТЬ Германияның жасаған әділетсіздігін жөндеуді адамшылық міндет деп мойындай отырып, төменде көрсетілген баптарға келісті:

      51-бап. 1871 жылдың 26-ақпанында Версальда қол қойылған Прелиминарлық бітім және 1871 жылғы 10-мамырдағы Франкфурт шарты бойынша Германияға берілген территориялар (Эльзас-Лотарингия) 1918 жылғы 11-қарашадағы Уақытша бітім күнінен бастап француз егемендігінің қоластына беріледі.

      1871 жылға дейінгі шекараның кескінін белгілеген шарттардың қаулылары қайтадан күшіне енеді.

      73-бап. … Эльзас-Лотарингияға қатысты осы бөлімшемен де және оған қосымшамен де, осы шарттың жалпы қаулыларымен де реттелмей қалуы мүмкін басқа әртүрлі мәселелер Франция мен Германия арасындағы кейінгі келісімдердің тақырыбын құрайды.

      VI бөлімше

      АВСТРИЯ

      80- бап. Германия Австрияның тәуелсіздігін осы мемлекет пен басты одақтас және бірлескен мемлекеттер арасында жасалатын шарт бойынша белгіленетін шекаралар шегінде мойындайды және қатаң түрде құрметтейді; ол осы тәуелсіздік Ұлттар лигасы кеңесінің келісімінсіз бұзылмайтындығын мойындайды.

      VII бөлімше

      ЧЕХО-СЛОВАК МЕМЛЕКЕТІ

      81- бап. Құрамына Карпаттан оңтүстікке қарай жатқан Русин автономиялық территориясы кіретін Чехо-Словак мемлекетінің толық тәуелсіздігін одақтас және бірлескен мемлекеттер мойындағаны сияқты Германия да мойындайды. Ол осы мемлекеттің басты одақтас және бірлескен мемлекеттер анықтаған шекараларына келісетіндігін мәлімдейді.

      82- бап. Германия мен Чехо-Словак мемлекетінің арасындағы шекара Австро-Венгрия мен Германия арасындағы 1914 жылдың 3-тамызына дейін болған бұрынғы шекарамен анықталатын болады.

      83- бап. Германия Силезия территориясының бір бөлігіне қатысты өзі-нің барлық құқықтары мен құқық негіздерінен Чехо-Словак мемлекетінің пайдасына бас тартады…

      VIII бөлімше

      ПОЛЬША

      87-бап. Польшаның тәуелсіздігін одақтас және бірлескен мемлекеттер мойындағаны сияқты Германия да мойындайды және Балтық теңізімен, Германияның шығыс шекарасымен шектелген, осы шарттың 27-бабының II бөлімінде (Германия шекаралары) айтылғандай Лорцендорфтың шығысына қарай 2 километрге жуық орналасқан пунктке дейін белгіленген, одан әрі Жоғары Силезияның солтүстік шекарасы құрайтын Зимменаудан солтүстік батысқа қарай 3 километрге жуық сүйір бұрышқа дейін созылатын сызықпен белгіленген, одан кейін Жоғарғы Силезия шекарасымен, оның Германия мен Ресей арасындағы бұрынғы шекарамен ұштасқанға дейінгі бөлігімен белгіленетін, одан кейін осы шекараның бойымен оның Неманның ағысын кесіп өтетін жеріне дейін, одан әрі 28-баптың жоғарыда аталған II бөлімінде белгіленген Шығыс Пруссияның солтүстік шекарасымен өтетін территорияға қатысты барлық құқықтары мен құқық негіздерінен Польшаның пайдасына бас тартады.

      XI бөлімше

      ЕРКШ ҚАЛА ДАНЦИГ

      102-бап. Басты Одақтас және Бірлескен мемлекеттер Данциг қаласын …ерікті қала жасауға міндеттенеді. Ол Ұлттар СКАЧАТЬ