Название: Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер)
Автор: Гүлжауһар Көкебaевa
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2120-2
isbn:
АҚШ-тың мақсаты: жеңілгендердің басқыншылық пиғылдарына жол бермейтін бітімшарттарын жасау; шекараларды ұлттардың өзін өзі билеу және этникалық топтардың мүдделерін қорғау қағидаларына сәйкес белгілеу; басқыншы мемлекеттерге ұжымдық тосқауыл қою ісімен айналысатын халықаралық ұйым құру; жалпы қарусыздану, құпия дипломатиядан бас тарту.
Бітімшарттарының үш жобасы болды: ағылшын жобасы, американ жобасы, француз жобасы.
Американ жобасы «Вильсонньщ 14 пункті» деп аталатын құжатта берілді. Бұл – президенттің конгреске 1918 жылы 8 қаңтарда жіберілген хаты.
Ағылшын жобасы Ллойд Джордждың 1918 жыл 5 қаңтарда тред-юниондар делегаттарының конференциясында сөйлеген сөзінде және оның 1919 жылы 25 наурызда Клемансо мен Вильсонға жіберген «Бітімшарттарының түпкілікті жобасы жасалғанға дейінгі уақыттағы бітім конференциясына қатысты кейбір ескертулер» деп аталған хатында берілді (бұл құжат зерттеулерде «Фонтенблодан жіберілген меморандум» деп аталады).
Француз жобасының мазмұнын 1917 жылы ақпанда Ресей мен Францияарасында жасалған құпия келісімнен білеміз.
Бұл жобаларды талдауды студент мынадай тезиспен іске асыруына болады: а) аталған әрбір құжаттың жасалу жағдайлары; б) әрбір жобаның нақты жағдайларға байланысты орындалу мүмкіншіліктері, бітім мәселесіндегі үш мемлекет арасындағы қайшылықтар.
Жоғарыда аталған құжаттар ішінде ерекше талдауды қажет ететіні – «Вильсонның 14 пункті». АҚШ президенті осы бітім жобасын Кеңестік Ресей құпия келісімшарттарды жариялай бастаған кезде ұсынды. Сондықтан «14 пунктегі» «жария келісімдер», «қаруларды қысқарту», т.б. сөздер Кеңес үкіметінің Бітім туралы Декретіне қарсы қойылған, кеңестік Декреттің беделінің күшейіп, таралып кетуіне қарсы қолданылып отырған қару екенін ескеру қажет.
Полковник Хауз «14 пунктің» мынадай үш мақсаты болды деп көрсетеді: біріншіден, ол «большевиктердің соғыстың мақсаттарын түсіндіруге қатысты талаптарына жауап болды; екіншіден, ол американ үкіметі Гогенцоллерндер монархиясының орнын баса алатын және Германияда революциялық қозғалыстың дамуына жол бермейтін бірден-бір күш деп қарайтын неміс оңшыл социал-демократтарына жолданған үндеу болып табылады; үшіншіден, ол Антанта елдерінің соғыстағы мақсаттарын «либералдық рухта жөндеуді» және осы елдердің АҚШ-тың қатынасуынсыз жасаған құпия келісімдерін американ үкіметі жасаған және АҚШ империалистік топтарының мүдделеріне сай келетін бітіммен ауыстыруды ұсынады.
Бұл мәселені талдауда студент басты назарды мынадай сұрақтарға аударуы қажет: халықаралық ұйым құру туралы идея қалай туды, бұл идеяның нақты жоспарға айналуы, Ұлттар лигасының жарғысын жасау, осы ұйымды құрудағы басты державалардың өзіндік мақсаттары қандай болды, жарғыны талқылау СКАЧАТЬ