Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Нектон тек балықтардан тұрады. Көлдердің ихтиофаунасы, негізінен, тұрақты, көлдік-өзендік балықтардан құралған. Солтүстік және биік тау көлдері албырт балықтарына, оңтүстік аудандарда, әдетте, тұқытектестер мол болады. Түрлік құрамы бойынша, акклиматизанттарды есептемегенде, олиготрофты көлдердің балықтары сан алуан. Көлдердің жағалау маңы ихтиофаунасы суқоймаларының ашық айдындарына қарағанда бай болып келеді. Өйткені соңғысында қоректену жағдайы нашар, сонымен қатар жыртқыштардан жасырынатын жерлер жоқ.
Өзендер деп белгілі бір дәрежеде айқын қалыптасқан тұрақты арнасы бар, өзінің су жинау алабына түсетін атмосфералық жауын-шашындар мен жерасты суымен толатын ағын суды айтады. Өзендер құрлықпен Әлемдік мұхиттың арасындағы су алмасу процесіне қатысушы буын болып табылады. Мұхиттан буланған су құрлыққа жауған жауын-шашын түрінде өзен арқылы қайтады. Өзендерде су массасы өзеннің бастауынан сағаға дейін ағып келеді, оған себеп олардың теңіз деңгейінен әртүрлі биіктікте орналасу айырмашылығы, яғни тарту күшінің әсері арқылы жүзеге асады.
Мұхиттарға, теңіздерге, көлдерге сулары құйылатын өзендерді – негізгі өзендер, ал суын бұларға құятын өзендерді өзен тармағы не салалары деп атайды. Негізгі өзенге суларын құятын барлық өзендер жиынтығы өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі орналасқан құрлықтың бір бөлігі және басқа учаскелерден суайрықтар арқылы бөлінген учаскелер өзен суалабын (бассейнін) түзейді, ал ол су жинайтын жерлер сужинау ауданын құрайды.
Өзен деп бассейнінің ауданы 50 км2-ден 50 мың км2-ге жететін тұрақты әрі ірі су ағынын айтады. Ал мөлшері бұдан аз болатындар өзектер деп аталады. Су ағынының жағдайына қарай өзендер жазықтық, таубеткейлік және таулық деп бөлінеді.
Өзендердегі су режимінің негізгі сипаттамалары судың деңгейі мен оның шығыны болып табылады. Олардың өзгеруіне өзендердің сумен қоректенуі және сол жердің климат жағдайлары әсерін тигізеді. Жазықтарда көктемгі қар еру және жауын-шашын, таулы жерлердегі көктем мен жаздағы қар еру жылма-жыл белгілі бір кезде қайталанатын құбылыс су тасу деп аталады. Ол өзендердегі су деңгейін көтереді, су жағадан шығып жайылады. Күшті нөсер жаңбыр немесе қыстың жылымық күндерінде қардың еруі әдетте өзендерде тасқын тудырады, бұл дегеніміз – қарқынды, салыстырмалы түрде қысқа уақытта су деңгейінің СКАЧАТЬ