Название: Жалпы гидробиология
Автор: Б. Минсаринова
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 978-601-04-2166-0
isbn:
Көл грунттары автохтонды және аллохтонды деп бөлінеді. Алғашқысы көлдің өзінде бұзылған жағалаулардан түскен өнімдерінің және өлген организмдердің қалдықтарының жиналуы нәтижесінде түзіледі. Екіншілері өзендермен (лай, құм қиыршық тастар, майда тастар, қой тастар), желмен (құм, шаң) және басқа да жолдармен әкелінген түрде түзіледі. Аллохтонды грунттар көлдердің жағалау маңы аймағына тән болса, автохтондылар сублитораль және әсіресе профундалға тән болады. Көлдердің грунттарындағы органикалық заттардың мөлшері әдетте өзен қалдықтарына қарағанда жоғары болады. Органикалық заттар өте көп болатын көл грунттары оттектің қатысуынсыз кейде майларға, балауыз сияқты және азотты заттарға бай болатын супробель деп аталатын жұмсақ коллоидты массаға айналады.
Көлдерді мекендеушілер. Көлде мекендейтін организмдерді лимниобионттар дейді. Көлдерді мекендеушілерінің саны да, дамуы да олардың географиялық орналасу жағдайына, шығу тегіне, қазаншұңқыры мен гидрологиялық және гидрохимиялық факторларына байланысты өзгеріп отырады.
Фитопланктондардың ішінен жиі кездесетіні диатомды, ал жақсы жылынатындарда жасыл және көк жасыл балдырлар. Қыста фитопланктон нашар дамиды, таралуында стратификация байқалмайды. Көктемде диатомды балдырлар жаппай көбейе бастайды, сонан кейін олардың орнын жасыл балдырлар басады. Жаздың басында көк жасыл балдырлар жаппай көбейеді, күзге қарай олар өледі, осы кезде диатомды балдырлардың екінші көбеюі басталады. Олардың вегетативтік формалары сутүбінде қыстайды және көктемде қалқып шығып, судың «көктеуіне» алып келеді. Жасыл және көк жасыл балдырлар циста және спора фазасында қыстайды. Олардың вегетативтік формаға айналуына біршама уақыт қажет болады, осыған орай олар планктонда диатомды балдырлардан кейін дамиды.
Көлдердің зоопланктоны, негізінен, түссіз талшықтылардан, инфузориялардан, коловраткалардан, бұтақмұртты және ескекаяқты шаяндардан тұрады. Суықсулы көлдерде коловраткалар мен ескекаяқты шаяндар басым болса, бұтақмұрттылардың түрі де, саны да аз не мүлдем болмайды. Мұндай жағдайларды Есік көлі мен Көлсай көлдерінен байқауға болады. Зоопланктон жаздың ортасында балдырлар жаппай дамығанда ең көп болады. Коловраткалар, әдетте, шаянтәрізділермен салыстырғанда ерте пайда болады. Планктондардың саны мен биомассасы беткі қабатта мол болады. Десе де жыл маусымына қарай олардың тік бағытта орналасуы өзгеріп тұрады. Зоопланктонның тік бағыттағы стратификациясы жылдың жылы кезінде анық, ал қыста әлсіз білінеді.
Нейстон мен плейстон көлдерде басқа континенталды суқоймаларына қарағанда бай болып келеді. Судың үстіңгі тартылыс қабатының бетінде сусынаптар-кандалалар (Gerris, Hydrometra, Velialis), айналма қоңыздар (Gyrinus), шыбындар (Ephydra) жүгіріп жүреді. Осы қабаттың астыңғы бетінде Hudrophilidae қоңыздары СКАЧАТЬ